Жаңа құрам бекітілді Избранное

Пятница, 01 Апрель 2022 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 845 раз

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің үшінші шақырылымының алғашқы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастырушы жұмысшы тобының төрағасы Ә. Әлішев қалалық мәслихат шешімімен жаңа кеңес құрамы бекітілгенін жария етті. Осылайша кеңестің бұрынғы жұмысшы тобы өзінің міндетін аяқтады.

91

 

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қоғамдық кеңесті «халықтың үні», «елдің көңіл-күйінің барометрі» деп атап, кеңестің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңа ереже бойынша әр тоқсанда қоғамдық кеңестің төрағалары ауысып отырады. Алғашқы төраға болып мемлекет және қоғам қайраткері, қоғамдық кеңес мүшесі Шалатай Мырзахметов сайланды. Сондай-ақ кеңес отырысында түрлі сала бойынша тұрақты 5 комиссияның төрағалары көпшілік дауыспен анықталды.
Алдағы уақытта кеңес құрамынан тұрақты комиссияға мүше азаматтар белгілі болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.