Бiлiм саласында сыбайлас жемқорлық артып барады

Пятница, 03 Апрель 2015 06:22 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 6956 раз

Облыс әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  ОҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті. Онда департамент басшысы Мұрат Ахметов білім саласында сыбайлас жемқорлықтың өршіп бара жатқаны туралы мәлімдеме жасады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов және облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары мен мектеп директорлары қатысқан семинар-кеңесте облыс мектептеріндегі қауіпті дерт мәселесі қарастырылды.  

1409053086 11657Өткен жылдың өзінде білім саласының қызметкерлеріне қатысты 62 қылмыстық іс қозғалған. Осылайша, мемлекетке 20 миллион теңгеден астам шығын келтіріліпті.  Бұл жылы да аталған көрсеткіштің өсуі әбден мүмкін. Жыл басынан бері үш айдың ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне мектеп директорларының парақорлыққа жол бергені жөнінде 374 шағым түскен.
Департамент басшысы М.Ахметовтің айтуынша, балабақша меңгерушілері, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен бухгалтерлері және өзге де лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа жол беріп отыр. Ал, облыс прокуроры Ибрахим Иманов биыл Кентау қаласындағы №24 мектеп-интернаттың директоры 30 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталғанын және осындай фактілердің аз емес екенін айтты. Семинар барысында облыс әкімі А.Мырзахметов сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оны қадағалау қажеттігін алға тартты. 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Көктем келді С.Пакеев – басқарма басшысы »