Жазушы Ғабит Мүсірепов «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген. Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, бұл – ана тіліміз.
Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды. Тіл саясаты әр елдің тарихына, демографиялық және діни құрамына, геосаяси жағдайына, білім мен мәдениетінің ерекшеліктеріне, елдегі саяси биліктің ұстанымына байланысты.
Тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза-Әлінің нақылында айтылғандай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл.
Мемлекеттік тілді ғылыми әдебиетте ресми тіл деп те атайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» -деген сөздерді қате түсініп, мемлекеттік қызметкерлер орыс тілін ресми тіл деп өрескел қатеге барады.
Мемлекеттік тіл мемлекеттің тұтас аумағында, болмаса белгілі бір аймағында заңдық мәртебесі мемлекеттегі басқа тілдерден ең жоғары бекітілген тіл.
Осы орайда мемлекеттік тіліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына, жауапты маманы Болғанай ханымға, қызметкерлеріне алғысымды жеткізгім келеді
Мемлекеттік тіл ең алдымен осы мемлекеттің Конституциясының тілі, сондықтан, Конституциясы жоқ елдің мемлекеттік тілі де жоқ деп есептеледі. Мемлекеттік тіліміздің дамуына әр азамат өз үлесін қосса ғанибет болар еді.
Гүлшахар ӨТЕБАЙҚЫЗЫ,
Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-
әдістемелік орталығының оқытушысы