Жемқорлыққа қарсы күресу әр азаматтың міндеті

Пятница, 01 Ноябрь 2024 05:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 61 раз

Сыбайлас жемкорлық әлемнің кез келген елінде, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде көрініс тауып келеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси жэне қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

 Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (МККК) Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» -Заңның 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа карсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы Nº12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2023 жылғы 16 қаңтардағы 1021 қосымша бұйрығына сәйкес, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық шығарылды. Шымкент қаласының дене шынықтыру жене спорт басқармасының «Шымкент қаласының спорт ғимараттары дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызмет өкілі болып дирекция заңгерін (М.Аджапарбекты) бекіту туралы (12.04.2023 жылғы Nº09) бұйрығы шығарылды. 15.01.2023 жылы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (МККК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің Ережесі қайта бекітілді.(МККК)

Дирекцияда Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына орай сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты түрде ішкі талдаулар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әр тоқсан сайын осы індетке қарсы атқарылған жұмыстар ұжым мүшелеріне жан-жақты таныстырылады. Осы өзекті мәселеге қарсы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, еңбек ұжымында өзара ашық пікір алмасулар да өзінің оң нәтижесін беруде.

А.ҚАЛИЕВ,
«Шымкент каласының спорт ғимараттары дирекциясы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.