Донор болудың пайдасы қандай?

Пятница, 01 Ноябрь 2024 05:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 53 раз

Донор сөзі латын тілінен аударғанда тарту ету, сыйлау деген мағынаны білдіреді. Қан тапсыру – донорлық рәсім. Донордан алынатын қанның стандартты мөлшері – 450 мл.

Ересек адамнан қанның мөлшерін алу оның хәлі мен физиологиялық қызметтеріне еш әсер етпейді. Қан тапсырмас бұрын донор дәрігерлік тексеруден өтеді. Сондықтан, оның денсаулығына келер зиян жоқ. Тіпті, науқастан аздаған мөлшерде қан алу оған сауықтырушы ретінде ықпал етеді. Қан қауіпсіздік үшін бір рет қана қолданылатын, зарарсыздырылған гемаконға алынады. Гемакон дегеніміз- қанның емдік қасиетін жоғары сапада сақтау үшін арнайы полимерлі материалдан жасалған ыдыс. Донордан алынған қан, қанды айналдыру үшін қолданылатын машина центрифугадан өткізіледі.Онда қаннан плазма, тромбоцит және эритроцит концентраты деп аталатын негізгі үш компонент алынады.
Кәмілеттік жасқа толған, дені сау, донор болуға қарсы медициналық көрсеткіші жоқ Қазақстанның кез келген азаматы донор бола алады. Жүкті әйелдер, қан қысымы тұрақты емес адамдар, қаназдықтан зардап шегетін тұрғындар, сондай- ақ, 18 жасқа толмағандар мен жұқпалы аурумен ауыратын адамдар донор бола алмайды. Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан алу шарасы арнайы қан орталығында жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады.
Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетіп отыр. Қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, ол қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады.
Қан тапсырудың қандай пайдасы бар?
Организмнің нығаюы (апат кезінде, күю кезінде, ауыр операцияда қан жоғалтуға тұрақтылық);
Қан түзеу үдерісін ынталандыруға байланысты жастық шақты ұзарту, организмнің қайта жаңғыруы;
Жүрек-қан тамыр кеселдерінің профилактикасы;
Иммундық жүйе кеселдерінің, ас қорыту бұзылыстарының, атеросклероздың, бауыр ауруларының алдын алу;
Организмнен артық заттарды шығару;
Қан тапсырған мейірімді істен моралдық қанағат алу.

И. Тұрсыналиева, Л. Олжабаева,
Қан орталығының дәрігерлері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.