Қоғамда азаматтық ұстаным белсенді болуы тиіс Избранное

Пятница, 01 Ноябрь 2024 05:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 50 раз

Шымкентте қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, психологтар мен қалалық полиция департаментінің өкілдері қатысты. 200-ге жуық адам қатысқан алқалы отырыста жан-жақты ұсыныстар мен тәлімі мол әңгімелер айтылды.

 asamattuk ustanum

Жиында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін жан-жақты талқылап, оның қоғамдағы теріс салдарын азайту, алдын алу және жою бойынша пікір алмасты. Ләйлә Сұлтанқызы жастармен ашық сұхбат құрып, қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз мәдениетті дамытудағы әр адамның рөліне назар аудару қажеттігін алға тартты.
– Қазіргі нарықта әрбір қыз сұлулықты қалайды. Дегенмен, сұлулық ол – білім, әдеп, дұрыс қалыптасқан тұлғада болады. Ал, нәзіктік пен қарапайымдылық ешқашан сәннен қалмайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғам үшін қалыпты болуы мүмкін. Бірақ әйелдің болашақтағы болмысы үшін, өмірі үшін үлкен қауіп тудырады. Сондықтан, екі жақты келісімге келу арқылы барлық түсініспеушіліктің алдын алуға болады,-дейді тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы.
Тәлімі мол кездесу жастардың санасына зорлық-зомбылықсыз өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын жеткізіп, қоғамда белсенді азаматтық ұстаным болуы тиіс деген тұжырыммен аяқталды.

Г.БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.