Гипергликемиялық кома – қатерлі патология

Пятница, 01 Ноябрь 2024 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 60 раз

Гипергликемиялық кома — қантты диабеттің қатерлі асқынуы, ол инсу- линнің абсолюттік немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен болады. Мұндай кома қантты диабет ауруының барысындағы зат алмасуының бұзылуының соңғы кезеңі болып табылады. Гипергликемиялық кома көбіне инсулиинотерапияның қажетті мөлшерде енгізілмеуінің нәтижесінде, қантты диабетке жұқпалы аурулар қосылған шақтарда, сондай-ақ уақытылы диагноз қойылмаған жағдайларда болады.

Гипергликемиялық команың негізгі себебі инсулиннің жеткіліксіздігі болып табылады. Осының нәтижесінде тіндердің глюкозаны шығаруының бұзылып, бауырда гликонеогенез шапшаңдайды, гипергликемия және глюкозурия дамиды. Бұл кома инсулинге тәуелсіз диабет кезінде ұлғайған науқастарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспалы ұстамаларымен және комамен сипатталады. Қанда глюкоза деңгейі 55 ммоль/л ден астам көрінеді, ал кетондық денелердің мөлшері көтерілмейді, кетоацидоз дамиды. Бұл кезде организмдегі бар инсулиннің деңгейі майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды.

Кома біртіндеп басталады, салмақ жоғалту нәтижесінде әлсіздіктің өршуі ыстығының көтерілуі, полидипсия және полиурия, тері қышуы. Кома алды жағдайлары: анорексия, құсу, мазасыздану, өткір іш симптоматикасын беру яғни іш аймағының интенсивті ауырсынуы, бас ауру, тамақтың және өңештің ауырсынуы байқалады. Жедел интеркеуррентті аурулардың себебінен комалар бірден дамып кетуі мүмкін. Физикальді зерттегенде дегидратация симптомы (терісінің, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауы, кқз алмасының және тері тугорының төмендеуі, біртіндеп анурия дамиды (жалпы бозару, бет доғасындағы, иектің, маңдайының жергілікті гиперемиясы (субфебрилді қызба) бұлшықет гипотониясы артериялық гипотензия, тахипноэ немесе Куссмауль тынысы аузынан ацетонның иісінің шығуы байқалады.
Егер науқас есінен танып қалса, оны тыныс алуына кедергі келтірмейтіндей етіп қойып, жедел жәрдем шақыру керек. Гипергликемиялық команы дифференциалды диагностикалау қиын болған жағдайда әмбебап шараларды жүргізу керек. Ең алдымен, науқасты дұрыс орналастыру керек, тілдің түсуіне жол бермеу керек, түтікті енгізу керек, содан кейін синдромдық терапия жүргізу керек — көрсеткіштерге сәйкес қан қысымын, жүрек және тыныс алу жетіспеушілігін түзету. Есіңізде болсын, тіпті төмен қан қантымен де пациент толық есінен айырылуы мүмкін. Жиі науқас терісі құрғақ болады, бұл басқа жағдайлармен жаңылыстыруы мүмкін.

Б. Майлығараев,
ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігі «Апаттар медицинасы орталығы»
ММ-нің Шымкент қаласы бойынша филиалының
«Қазығұрт» трассалық медициналық құтқару пунктінің фельдшері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.