Астана театры – Шымкентте

Пятница, 22 Апрель 2016 07:21 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4784 раз

Астана қаласының «Жастар театры» 25-29 сәуір күндері Шымкент қаласында гастрольдік сапарын өткізеді. Гастроль барысында театр ұжымы шымқалалық көрермендерге бірқатар қойылымдарын ұсынбақ. Іссапардың негізгі мақсаты – жасампаз да жалынды жас театрдың өнерін – Шымкент жұртшылығының назарына ұсыну.

Атап айтсақ, театр репертуарында У. Шекспирдің «Асауға тұсау» (реж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н. Жақыпбай), Б. Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...» (реж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н. Жақыпбай), Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» (реж. Д. Серғазин), т.б. бірнеше қойылымдар бар. Сонымен қатар, шымкенттік жас бүлдіршіндер А.Әуезханұлының «Ақыл патшалығы» (реж. Б. Құсанбаев) ертегісін тамашалай алады.

Айта кетейік, қойылымдар Облыстық орыс драма театрының сахнасында өтеді. Осы орайда «Жастар театрының» ұжымы сәуір айының 25 күні сағат 18:00-де Облыстық орыс драма театрында БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын ұйымдастыруды жоспарлауда. Оған театр директоры Ернар Жұматаев, театрдың көркемдік жетекшісі және бас режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, сондай-ақ Дәурен Серғазин, Әділ Ахметов сынды театрдың белгілі актерлері қатысады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.