Бiтiмгершiлiк берекеге бастайды

Пятница, 13 Март 2015 10:44 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 6651 раз

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  қабылданған «Медиация туралы» Заң 2011 жылдан бері баяу болса да жүзеге асып жатқаны белгілі.

59328Қазіргі таңда бірінші кезекте құқықтық, азаматтық, құқық бұзушылық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеп, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін дамыту тәжірибесін енгізуді және жүзеге асыруды қолға алған дұрыс. Құқықтық, азаматтық, құқық бұзушылық қатынастардан туындайтын даулар бойынша тараптарды сот табалдырығына дейін жеткізу басты міндет болмау керек. Керісінше қылмыстық қудалау органы мен басқа да органдар болып, дауласқан тараптар арасында туындаған мәселелерді медиаторлардың араласуымен сотқа дейін бітімге келтіру шараларын жүзеге асыру тәжірибесі болу керек. Сондықтан, сот жүктемесінің мейлінше жеңілдетілуі мен дауласушы тараптардың өсім салмағын төмендетуі үшін «Медиация туралы» Заңның соттан тыс тәртіппен жүргізіліп, шешілу тәжірибесінің оң тәсілдері мен тетіктерін қалыптастыру институтын дамыту қажет деп есептеймін.
Сот өндірісінде қаралып, аяқталған барлық санаттағы істердің саны жыл сайын төмендемей, еселеп көбейіп жатқаны соттардың статистикалық көрсеткіштерінен-ақ  белгілі. Әрбір туындаған даулар сот өндірісіндегі істер бойынша ғана тиімді пайдаланылып, оң шешімін тауып жатқанын көруге болады. Алайда, тараптар арасында туындаған даулардың соттан тыс реттеліп, шешіліп  жатқан тәжірибе туралы іс жүзінде бейхабар екеніміз рас. Өйткені, тараптар арасында туындаған даулардың, «Медиация туралы» Заңға сәйкес соттан тыс реттеліп, шешілгені жөнінде статистикалық деректер мүлдем жоқ десек қателеспейміз. Негізі кәсіпқой немесе кәсіпқой емес медиатордың атқарған жұмыстары бойынша статистикалық есеп жүргізілген жағдайда ғана заңның қолдану тиімділігінің нәтижесін көруге болады.
«Медиация туралы» Заңға сәйкес, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторды дайындау, іріктеу екі бөлек тұрғыда жүргізіледі. Кәсіпқой немесе кәсіпқой емес медиатор – дауласушы тараптардың бітімге келгенін, жазбаша келісімін бекітетін тұлға. Бітімгер деп атауға медиатор деген атау өзгертілген  жағдайда ұғымды және түсінікті болатыны анық деп ойлаймын. Кәсіпқой емес медиаторлардың құқықтық білім алатын, іс жүргізу тәжірибесін игеретін орталықтары атқарушы органмен ұйымдастырылғаны дұрыс болады.

                 Данияр МАРАТҰЛЫ,
Еңбекші аудандық сотының бас маманы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.