Жаңа ауданда – жаңа орталық

Пятница, 20 Март 2015 06:08 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3998 раз

Кеше Қаратау ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Енді бұл орталық 210 мың халқы бар ауданға қызмет көрсететін болады.

DSC 0850ХҚКО-ның ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Қаратау ауданының әкімі Ғалым Исмаилов, ХҚКО РМК ОҚО бойынша филиалының директоры  Серік Ауғанбаев және ОҚО көші-қон полициясы  басқармасы бастығының орынбасары Хадиша Баймұқашева қатысты. Жаңа мекеменің лентасын Гүлжан Құрманбекова қиды.
Мекемеде 50 инспектор жұмыс істейді. Көрсетілетін қызмет келушілерге қолайлы болу үшін «Connection Point», яғни, өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс жасайды. Онда баланы балабақшаға кезекке қоюды және барлық электрондық қызметтерді  алуға болады. Тек электрондық цифрлық қолтаңба болу қажет.  
Айта кетейік, осыған дейін Қаратау ауданының тұрғындары қаланың өзге аудандарында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын еді. Енді өз ауданында тиісті құжаттарын алуға мүмкіндіктері бар. Орталық алғашқы келушілерге қызмет көрсетуін бастап та кетті. Қаратау ауданының №5 қалалық ХҚКО бөлімі «Нұрсәт» шағынауданы №24 үйде орналасқан.

DSC 0816  DSC 0805 
Последнее изменение Пятница, 20 Март 2015 06:16
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.