Сайлуға белсене қатысуға шақырады

Пятница, 27 Март 2015 05:38 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5721 раз

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президентін сайлау қарсаңында  Үндеу қабылдады. Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктің мүшелері барша қазақстандықтарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

«Қазақстан – ортақ үйіміз» атты форумға облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспаналиева, этномәдени бірлестік басшылары, ОҚМУ студенттері де қатысты.  
Жиындағы ортақ ой – саяси науқанға әрбір азаматтың белсене қатысуы, бұл орайда  Ассамблеяның атқарар жұмысының маңыздылығы.  Облыстық Ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Саипжамал Қорғанова, облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің, кәріс этномәдени бірлестігінің басқарма мүшесі Елена Ким, облыстық «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко да осыны меңзеді. Татулық-тұғырлық белгісі.
Соңында барша қазақстандықтарға арналған Үндеу қабылданды.

Әділ АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.