Облыста 6 аумаққтық кластер құрылады

Пятница, 27 Март 2015 05:32 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 6022 раз

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мәжілісі өтіп, кәсіпкерліктің дамуы жөнінде бірқатар мәселелер қаралды. Мәжілісте негізінен үш мәселе талқыланды: индустриаландыру картасына кіретін жобалардың дамуы, қазақстандық тауардың нарықта жылжытылуы және облыс кәсіпкерлерінің күрделі мәселелері.

20151515Жиынға ҰҚП-ның Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰҚП-ның Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ОҚО  Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелері, бизнес-қауымдастықтардың, сауда кәсіпорындарының, банктер мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Бүгінде ҮИИДМБ-на ОҚО бойынша 184 млрд.теңгені құрайтын 137 жоба енген, 11,9 мың жұмыс орындары ашылуы тиіс. Бағдарламаның екінші бесжылдығында (2015-2019 ж.ж) облыста 990 млрд.теңгені құрайтын 74 жоба жүзеге асады. Осының аясында 16,8 мың тұрақты жұмыс орындарын ашылмақ.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аумақтық кластерлер құру жөнінде бастама көтерген еді. Біздің облыста 6 аумақтық кластер құру жоспарланып отыр. Олар: тамақ, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдар мен машина жасау өнеркәсібінің кластері, туристік кластер.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.