Ұсыныстар қолдау тапты

Пятница, 03 Апрель 2015 06:28 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4200 раз

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы өтіп, онда  бірқатар мәселелер қаралды. Жиынға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Сессия жұмысын қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров жүргізіп отырды. Күн тәртібінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, спорт және дене шынықтыру бөлімінің  есебі, Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «2015-2017 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» № 44/396-5с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», мәселелер қаралды.  
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев, спорт және дене шынықтыру бөлімінің  басшысы Болат Қырықбаевтың баяндамасын  депутаттар бірауыздан қолдады. Өйткені, бұл мәселелер тұрақты комиссиялардың отырысында  жан-жақты талқыланған. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың  «2015-2017 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» №44/396-5с шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баяндамасы да қолдау тапты. Жалпы сессияда 24 мәселе қаралды.
Сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша сұрақ-жауап, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалығына тағайындалған Исамуддин Рысбаевты  жаңа қызметімен құттықтады.  

Әділ АЙТӨРЕ

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.