Облыс әкімі үздік үштікте

Пятница, 10 Апрель 2015 04:59 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3263 раз

«Саясат-Monitoring» тобы наурыз айындағы әкімдер рейтингісін жариялады. Нәтиже бойынша Оңтүстік Қазақ-стан облысының әкімі Асқар Мырзахметов үшінші орыннан көрінді.

MyrzahmetovАсқар Исабекұлы – Мемлекет басшысы жиі қабылдайтын және Бірінші басшыдан атқарылып жатқан жұмыстарға тұрақты түрде жоғары баға алатын әкімдердің бірі.  Бұл жолы да сарапшылар Президент Назарбаев наурыз айында Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті биліктің жұмысын кезекті рет оң бағалағанын айтады. Елбасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты динамикасы сақталып отырғанына көңіл бөліп, соңғы бес жылда облыстың экономикасы 2,5 есеге өскендігін айтты. Республикамыздағы ең үлкен жылыжай кешенінің жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы аграрлық саланы дамыту бағытындағы жергілікті биліктің жұмысын оң бағалап, Оңтүстік Қазақстан облысы көкөніс пен жеміс-жидек өндіруде нағыз «фабрика» бола алатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, «Саясат-Monitoring» тобы ай сайын облыс, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмысын бағалап, рейтингісін шығарып келеді. Әкімдер жұмысының наурыз айындағы көрсеткіштерін саясаткерлерден, қоғам қайраткерлерінен, блогерлерден, саяси технологтар мен журналистерден құралған 27 сарапшы бағалады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.