Болатбек Төлеген – жаңа қызметте

Пятница, 10 Апрель 2015 05:04 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5137 раз

11017204 1569353433322236 8799920939540294197 nБұған дейін Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін бес жыл абыройлы атқарған азамат Болатбек Төлеген жаңа қызметке ауысты. Болатбек Бақтиярұлы 2015 жылдың 3 сәуірінен бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Б. Төлегенге ішкі саясат саласы етене таныс. Мемлекеттік қызметтің бірқатар баспалдақтарынан өткен тәжірибелі маман екені мәлім.
 «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газетінің ұжымы Болатбек Бақтиярұлына жаңа қызметте де табыс тілейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.