Мейiрiм сыйлаған акция

Четверг, 24 Март 2016 15:28 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4910 раз

Қолдағы барды өзгелермен бөлісу – ізгілікті іс. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі мүшелері Наурыз мерекесі қарсаңында қайырымдылық акциясын өткізді. Кеңес төрайымы Алма Архабаева №8 облыстық мүгедектерді оңалту орталығы мемлекеттік мекемесінің емделушілеріне сый-сыяпат үлестірді.


meirim syilagan 23«Мейірімді жүрек»  акциясының мақсаты – рухани қолдауға мұқтаж жандарға мейірімділік танытып, алға қарай жігерлендіру. Бүгінде орталықта  80 адам  қоғамдық ортаға бейімделіп жатыр. Әрбірі аялы алақанға, жылы сөзге зәру.
Алма Архабаева бастаған Іскер әйелдер кеңесі мүшелері қамкөңіл жандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Кеңестің төрайымы, әрі «Асыл арман» компаниясының басшысы барлық емделушіге бағалы сыйлық тапсырды.
– Осы кеңес құрылып, жұмыс істеп жатқанына бір жыл болды. Алда атқарылар жұмыс көп. Қазір шағын және орта бизнесті өркендетуге күш саламыз. Ендігі мақсатымыз – сіздердің араларыңыздағы әйелдер қауымын шағын кәсіпке тарту. Осында бірқатар жобаларды ашып, бірлесе жұмыс атқарсақ деген ұсынысым бар. Әуелі, сіздерге кәсіпкерлік жайында семинар-кеңестер, тренингтер өткізуіміз керек. Әрі қарай цех та ашылып қалар. Менің ұсынысымды қолдайсыздар деп үміттенемін. Жаңару мерекесі жаңа идеялар әкелсін, – деді Алма Нұралықызы.
Бүгінде Кеңестің 40 мүшесі бар. Кәсіпкер әйелдер еңбек етіп қана қоймай, көпбалалы аналарға, қамкөңіл жандарға  қайырымдылық жасауды да мұрат тұтқан.

Т. ҚАСЫМ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.