ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 08 Февраль 2023 05:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 569 раз

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан спорт шеберлері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. 7-10 ақпан аралығына жоспарланған бәсекенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

905

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова жиында іс-шараның маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Шаhарда көркем гимнастикадан жеңісті дәстүр бар. Қазіргі уақытта бұл спорт түрімен қалада 1000-нан астам жас шұғылданады. Оларға қажетті жағдай жасалған. Биыл спортшылар көптеген маңызды додаларға қатысады. Олимпиада ойындарына жолдама алу мақсаты тұр. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз, –деді қала әкімінің орынбасары.
ҚР чемпионатында еліміздің барлық өңірінен келген 300-ге жуық гимнасшы қыздар жекелей және топтық бағдарламалар бойынша бақ сынайды. Олардың арасында Азия чемпионаты, ҚР чемпионаты мен Кубогының жеңімпаздары және жүлдегерлері бар. Айта кетсек, жарыс 10 ақпанға дейін созылады.
Көркем гимнастикадан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Ә.Юсупова бұл сайыстың жеңімпаздары әлем кубогы мен Азия чемпионатына баратынын айтты. Сондай-ақ, биыл лицензиялық әлем чемпионаты және Азия чемпионаты өтеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.