Жауапкершілік жоғары болуы тиіс

Пятница, 20 Февраль 2015 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 7319 раз

Сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін, лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. 

5458e939da83d korrЖемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес қарастырылады.
Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады. Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.

Қанат ҚАЛЫБЕКОВ,
Шымкент қалалық
ішкі саясат бөлімі
басшысының
орынбасары.

Последнее изменение Среда, 25 Февраль 2015 06:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.