ЖЫЛУ МАУСЫМЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 23 Октябрь 2024 06:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 91 раз

Ауа температурасы төмендеп, күн салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан жылуға қатысты көптеген өтініш түскен. Осыны ескерген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды.

JilUU

 

Кестеге сәйкес жылу қараша айының 1-іне қосылу керек болатын. Қала басшысының қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға қазанның 21-інен бастап жылу беріле бастады.
Қазір қаладағы 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу маусымына дайын.
Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету төмендегідей кезектілікпен жүзеге асырылады:
- бала бақшалар, емханалар, мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа да ғимараттар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.