Тәуелсіздіктің бастауы

Среда, 23 Октябрь 2024 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 99 раз

25-қазан ел тәуелсіздігінің жариялануын білдіретін маңызды ұлттық мереке. Бұл күн қазақстандықтардың жүрегінен ерекше орын алады, бұл күн халықтың бостандыққа, өзін-өзі басқаруға және мемлекеттік тәуелсіздікке деген ұмтылысын білдіреді.

 

1990 жылы Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдері сияқты, тарихи өзгерістердің алдында тұрды. 25-қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Бұл акт елдің тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуының бастапқы нүктесін анықтады.
Жыл сайын 25-қазанда Қазақстан Республика күнін Тәуелсіздік пен халықтың егемендігіне қол жеткізуді бейнелейтін маңызды күнді атап өтеді. Осы мереке аясында ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және өз еліне қызмет етуге дайын білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін білім беру мекемелері маңызды рөл атқарады. Осындай мекемелердің бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өз орны ерекше.
Тәуелсіздік декларациясы қабылданғалы бері Қазақстан Республикасының Қарулы күштері бейбітшілік бітімгершілік тапсырмаларды орындады. Бұл тапсырмаларды Қазақстанның шекарасынан тыс алыс-жақын мемлекеттердің тұтастығы мен ішкі тыныштығын күзету қызметтері, әлемдік қауіпсіздікті сақтауға үлкен үлес қосуда. 1993-1997 жылдар аралығында Тәжік-Ауған шекарасы, Ирак ислам республикасы, Африка мемлекеттерінде үлкен бітімгершілік тәжірибе жинақтап, қазіргі уақытта дербес мемлекет ретінде жауынгерлеріміз Ливан еліндегі Голан биіктігінде өз миссиясын атқаруда.
Әскери білім алу өз әскери оқу орындарымен қатар әлемнің дамыған мемлекеттерінде де жүзеге асырылуда (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Россия т.б.). Солармен бірге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы студенттерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметке дайындау мақсатында құрылды.
Полковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлының нәтижелі басшылығындағы әскери кафедрада алынған білім студенттердің бойында әскери білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар өз еліне қызмет ету үшін маңызды жоғары моральдық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
Әскери кафедраны оқыған университет түлектері Қазақстан Республикасының Қарулы күштері және де басқада күштік құрылымдарда нақты уақытта әртүрлі жауапты лауазымдарында қызмет атқарып ел тәуелсіздігі мен жер тұтастығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда.
Республика күнінде әскери кафедра мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. Кафедра студенттері мен оқытушылары әскердегі қызмет пен патриотизмге арналған түрлі іс-шаралар, ақпараттандыруды ұйымдастырады. Бұл әскери қызметтің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, жастарға тәуелсіздік пен бостандықтың құндылығын тереңірек түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ, студенттер шерулерге және басқа да салтанатты шараларға жиі қатысады, университеттің атынан қатысады және өз елінің мүдделерін қорғауға дайын екендіктерін көрсетеді. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасы бұл үдерісте көшбасшылардың, әскери мамандардың және өз еліне берілген азаматтардың жаңа буынын дайындауда маңызды рөл атқарады. Әрбір студенттің туған Отанының тағдыры үшін азаматтық жауапкершілігін сезінуі өте маңызды.

Ерлан Құдайназаров,
«М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ әскери кафедрасының
аға оқытушысы, запастағы подполковник

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.