АИТВ-инфекциясы және жоғары қан қысымы

Среда, 23 Октябрь 2024 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 95 раз

Жоғары артериялық қан қысымы - жүрек-тамыр аурулары ішінде кеңінен таралған. Гипертензия АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарда жиі кездеседі.

 

Гипертензия - бұл жоғары аретриялық қан қысымы (140/90 мм с.б.б. жоғары болуы), бұл уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Қысым жоғары болған сайын жүрекке қанды айдау үшін аса күш қажет. Жас ұлғайған сайын артериялық қан қысымы көтеріле берсе, тамырлардың эластикалық қасиеті жоғалады. Сондықтан егде жастағы адамдарда жастармен салыстырғанда гипертензияның асқынуларының даму қаупі жоғары болады. Жоғары қан қысымы - жүрек-тамыр жүйесі, яғни ми және жүрек, сонымен қатар бүйрек және көз жағынан түрлі асқынулар туғызуы мүмкін. Сондықтан АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастар осы мүшелердің көрсеткіштерін қадағалау қажет.
Жоғары артериялық қан қысымы тамырлардың зақымдалуын тездететін созылмалы қабыну процестерінің дамуына жол ашады. Гипертензиясы бар АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға АҚҚ жоғарылап кетпеу үшін бір қалыпта ұстау мақсатында медикаментозды ем тағайындалады.
АИТВ-инфекциясын емдеуде қабылдайтын препараттар қан қысымының көтерілуіне тікелей әсер етпейді. Бірақ кейбір препараттар гипертензиясы бар науқастарға жанама әсерін көрсетуі мүмкін. Гипертензия диагнозымен есепте тұратындығын, қан қысымын төмендететін таблеткалар қабылдайтындығын жасырмағаны дұрыс. Cебебі дәрігер препараттарды тағайындамас бұрын қабылдап жүрген препараттарымен сәйкестілігін анықтайды. Сонымен қатар денсаулығының жақсаруын, терапияның тиімділігін бақылауда ұстайды.
Жоғары қан қысымын алдын алудың шаралары - денсаулығын күту. Күн сайын салауатты өмір салтын ұстану, яғни шылым шегуден, спиртті ішімдіктер тұтынудан бас тарту. Тұрақты түрде спортпен айналысу. Егер сенде қан қысымы жоғары болса, мұндай жағдайда қандай жаттығулар жасауға болатындығын біліп алған маңызды. Жүрекке пайдалы болатын дұрыс дұрыс тағамдарды тұтыну: тұзы аз, жеміс-жидектер және көкөністер. Стресс пен уайымнан берілмеу.
АИТВ жұқтырған гипертониктер жалпы жағдайын жақсарту үшін, мүмкін болатын қосымша аурулары мен асқынуларының алдын алу үшін тұрақты түрде салауатты өмір салтын ұстануы қажет.

Ә. Ашықбекова,
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының дәрігер терапевті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.