Әлеуметтiк нысандарға жылу берiлдi Избранное

Пятница, 23 Октябрь 2015 12:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3819 раз

aleumettik nisandarga jylu berildi 43Шымкентте жылу маусымы 26 қазанда басталады. Бұл туралы қаланың коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Гүлнәз Шадманова мәлімдеді.

Қазіргі уақытта магистральды жылу құбырлары суға толтырылып, қысымы 60-70 градусқа дейін жеткізілген. Жылуға ең алдымен әлеуметтік нысандар – медициналық мекемелер мен балабақшалар қосылады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, жылу жүйелерін ауыстыру 15 қазанда толық аяқталған. Қаладағы көпқабатты 1762 тұрғын үйдің 1711-і және 346 бюджеттік мекемелер жылу қабылдауға дайын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.