Шымкентте жаңа жерүсті өткелі салынуда Избранное

Понедельник, 19 Октябрь 2015 11:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4971 раз
999999999999999911Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылбек Баймұрзаев мәлімдеді.
 
Жаяу жүргіншілерге арналған өткел Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесінің қиылысында бой көтеруде.
 
– 2014 жылы Шымкент қаласында жалпы үш өткел пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Дендросаябақ пен «Көмешбұлақ» базарының маңында жерасты, ал 18 шағынауданда жерүсті өткелі ашылды. Биыл Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесінің қиылысында жаңа жерүсті өткелінің құрылысы жүргізілуде. Заманауи үлгіде салынып жатқан бұл нысан келесі жылы қолданысқа беріледі. Мұнда арнайы көтергіш қондырғылар орнатылатын болады, – дейді А. Баймұрзаев.
 
Әкімдік өкілінің айтуынша, 18 шағынаудандағы жерүсті өткеліне биыл мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттар үшін арнайы жеделсаты орнатылмақ.
 
– Тұрғындардың шағымы бойынша таяуда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аталған нысанға барып, жағдаймен танысып қайтты. Енді құрылысты жүргізген «ЛюксСтройСити» ЖШС-і осында қосымша эскалатор орнатуды өз жауапкершілігіне алды. Ол жоспар бойынша 2015 жылдың қараша айында тапсырылуы тиіс, – деді жауапты маман.
С. ТАСТАНБЕК, 
(Д. ҚОЖАБЕК, фото)
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.