Күш атасын танымас

Пятница, 24 Апрель 2015 06:51 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 6226 раз

«Оңтүстік Цирк» мекемесінің ұйымдастыруымен ер-азаматтар арасында кір тасын көтеруден өткен «Күш атасын танымас» атты спорттық сайыс өз мәресіне жетті. Шешуші кезеңге өткен алты үміткер шаршы алаңда 32 келі салмақтағы кір тасын көтеріп, күш сынасты. Сайыс қорытындысына сәйкес, жүлделі бас жүлдеге Сарыағаш аудандық шекара қызметінің кіші сержанты, 27 жастағы Бақытжан Тұрдықұлов ие болды.

11033394 1463209093970460 4601706235031829809 nАл, бірінші орынды Бақытжанның әріптесі, 27 жастағы Бахыт Бабашов қанжығасына байласа, үшінші орын тұғырын өткен іріктеу кезеңдерінде 301 көрсеткішті иемденген Шымкент қаласының тұрғыны, 57 жастағы Жансерік Маханов бағындырды. Өздеріңізге мәлім, екі айға жуық уақыт ішінде аталған сайыстың іріктеу кезеңдері жүрген болатын. Үміткер ретінде 200-ден аса азаматтар қатысып, мықтылықтарын сарапқа салды. Оқ бойы оза шауып, алға шыққан алты азаматтың шешуші мәресі цирк әртістерінің шоу концертімен және цирк ардагерлерінің ауыр зілтемір мен көлік көтеру ойындарымен жалғасын тапты.
– Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыздың құрметті қазақ хандығын құруы тарихтағы маңызды оқиға. Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілді. Қазақ хандығы - қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. Осы орайда, азаматтар арасында спорттық сайысты өткізіп салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі цирк өнеріне, мұндағы тынымсыз тірлік пен қиын да қилы өнер қарбаласымен азаматтарды етене таныстыру, халық арасындағы цирк қойылымдары тек жас балалардікі деген ойдан арылту мақсаттары болды. Алдағы уақытта бұл жобаны республикалық деңгейде ұйымдастыру ойымызда бар, – дейді «Оңтүстік Цирк» МКҚК директоры А.Алиев.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.