Оңтүстік спортының олжасы көп

Пятница, 14 Август 2015 06:51 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4797 раз
Қазақ спортын қаламмен баптаған белгілі жазушы-журналист Сейдахмет Бердіқұлов «Спорт деген бір сиқыр...» деп артына сөз қалдырыпты. Керемет айтылған, мәнді сөз. Шын мәнінде спорт – бұл өмір. Спорт – тәннің ғана емес, жанның да саулығы. Спортпен шұғылданған адамның өмірі де жарқын. Біздің облысымызда бүгінде салауатты өмір салтын серік еткен жандардың қарасы жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны қуантарлық жайт.
ontustin sportinin oljasy kop 33
 
Спортшылар 1114 медаль жеңiп алды
 
Оңтүстік Қазақстан облысында спорт саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл сөзімізге көптеген дәлелдер келтіруге болады. Әсіресе, бұқаралық спортты дамытуда, жас ұрпақты спортқа тартуда, инфрақұрылымды заманға сай жетілдіруде ілгерлеушілік байқалады. Жыл сайын дәстүрлі түрде тамызайының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Осы орайда, Оңтүстіктегі спорт саласының тыныс-тіршілігіне, атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсек дедік.  
 
Оңтүстік қазақстандық көптеген спортшылар Олимпиада, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және түрлі халықаралық турнирлерде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, еліміздің мерейін үстем етіп келеді. Мәселен, 2015 жылдың алты айында облыс спортшылары спорттың  59 түрінен 1114 медальге ие болды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының деректеріне зер салсақ, соңғы 6 айда спортшыларымыз ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 365 алтын, 317 күміс, 316 қола медальге қолжеткізсе, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында жерлестеріміз 33 алтын, 25 күміс және 25 қола медальді жеңіп алған.
6ff639ecf3ee87bf18bcb08f75c9ca0cАл, әлем чемпионаттарында облыс спортшылары 18 алтын, 7 күміс, 8 қола медальге ие болып, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 ҚР спорт шебері, 301 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Бүгінгі таңда өтіп жатқан ҚР төртінші жазғы Спартакиадасында Оңтүстік Қазақстан спорт шылары 87 алтын, 70 күміс  және 77 қола медаль мен командалық екінші орында келеді. Қыркүйек айына дейін жалғасатын бұл Спартакиада спорттың 41 түрінен өтуде.
 
Жетiстiктерiмiз аз емес

Облыс орталығы Шымкент қаласында да спорттың дамуы қарқынды. Спортқа деген қолдау уақыт өткен сайын жоғарылап, жаңа спорт нысандарының қатары артуда. Мәліметтерге жүгінсек, өткен жылы қала тұрғындарын бұқаралық  спорт  түрлеріне тарту үшін бір қатар нысандардың құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есебінен №1 спорт мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті, 73 спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, саябақтарда 15 жерде спорттық тренажерлер орнатылды. Бұл дегеніміз – Шымкент тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына үлкен мүмкіндік.

Қала спортшылары Олимпиада ойындарында және халықаралық түрлі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Ресейдің Сочи қаласында  өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарына 3 спортшы қатысып, алғашқы ондыққа енді. Оңтүстік  Кореяның Инчхон қаласында  өткен 17-ші жазғы Азия ойындарында  қала  спортшылары 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп  алды. Ал, жуырда  ғана, яғни  шілденің 3-14 аралығында  Оңтүстік  Кореяда  өткен 18-ші жазғы  Бүкіл  әлемдік  Универсиада  да  таэквондо спорт түрінен   Нұрсұлтан Мамаев алтын медальға  ие  болды.
image50549Жыл  басынан өткен  әлем  чемпионаттары мен кубоктарында  қала  спортшылары 10 алтын, 7 күміс, 11 қол медаль олжалады. Азия ойындары мен чемпионаттарында 14 алтын, 11 күміс, 17 қола  медальге,  ел чемпионаттарында 428 алтын, 340 күміс, 367 қола  медальды  қоржынға  салды. 2015 жылы  қаламыздың   спортшылары  әлем  чемпионаттарында бірқатар  жетістіктерге  жетті. Атап  айтсақ,  каратэ-додан Грузияда  өткен  әлем чемпионатында 8 спортшы 1 орынды  иеленді. Ауыр  атлетикадан  Польшаның Вроцлав қаласында  өткен  жастар арасындағы  әлем  чемпионатында 1 спортшы  жеңімпаз  атанса, фристайлдан  Италияда  өткен әлем чемпионатында және пауерлифтингтен  Швецияда өткен әлем  чемпионатында 1 спортшымыз  жеңіс  сатысының  ең  биік  тұғырынан  көрінді.
 
Қала халқының 20,2 пайызы спортпен  шұғылданады
 
Өткен  сәуір  айында  Шымкентте «Сенің  дауысың   маңызды!» ұранымен  бұқаралық   жүгіру  жарысы, «Ұлы  Жеңістің 70 жылдығы», «Спорт – есірткіге   қарсы» ұранымен Олимпиада күні  мерекесіне  арналған велошерулер   өткізілді. Мамыр  айында қазақ күресінен ересектер арасында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жүлдесіне   арналған «Шымкент қаласының  барысы» ашық турнирі өткізілді. Аталған  турнирге қаламыздың балуандары  қатысқан  жарыста  жеңімпаздар мен жүлдегерлер  анықталды. Жеңімпаздар  облыстық  іріктеу  жарысына  жолдама  алып, жеңімпаз  атанды.
450 55cd686c3e42f2015 жылдың  қаңтар  айынан  бастап   мектепо  қушыларының  қысқы  демалысы  кезінде   баскетболдан, волейболдан, футболдан, дойбыдан «Қысқы турнир» жарысы, спорттың 11 түрінен   мектеп  оқушылары  спартакиадасы, спорттың 9 түрінен  жоғары  және  арнаулы орта оқу  орындары  спартакиадалары   бағдарламасындағы   жарыстар   ұйымдастырылды.

Жалпы, 2015 жылдың 6 айында 160 спорттық  іс-шара ұйымдастырылып, 25 мыңнан аса адам  қатысқан. Атқарылған  жұмыстардың  нәтижесінде   спортпен  шұғылданушылар саны 2013 жылы 117,9 адамға, 2014 жылы 162,7 мыңға  жетті   немесе   қала халқының 19,6 пайызын құрады. Ал, бүгінде Шымкент қаласында  спортпен  жүйелі  түрде айналысушылар саны 176 800 адамға (облыс  бойынша 600 мыңды  құрайды) жеткен. Ол – қала  халқының 20,2 пайызы.
 
Биыл көркем гимнастика спорт кешенi ашылады
 
Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы  заманауи, әлемдік  стандартқа  сай  салынған  спорттық  нысандар  жеткілікті. Спортшылардың  жеңіске  деген  жігерін  жани  түсетін   мұндай  ғимараттардың  қатары  жыл сайын арта түсуде. Айталық, 2013 жылы  облыстық  кешенді  жеңіл атлетика спорт кешені, ”Ордабасы” футбол орталығы, халықаралық теннис корты, су спорты  орталығы, ал былтыр  еліміздегі  бірегей   садақ ату кешені  салынып, ел игілігіне  берілді.

Бүгінде Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағын  ауданында  көркем гимнастика спорт кешені бой көтеруде. Ал, Төле би ауданында  ескек есу спорт түрлеріне  арналған  оқу-жаттығу   базасы   салынуда. Биыл   бұл спорт кешендері  пайдалануға  беріледі  деп жоспарланып  отыр. Ескек  есу  демекші, бұл спорт түрінен  Оңтүстік  спортшыларының   ауыз  толтырып  айтарлықтай   жетістіктері   жетерлік. Әсіресе, ағайынды Тимофей, Сергей, Михаил Емельяновтардың   әлем   чемпионаттарындағы  табысы   мақтауға  лайық. Олар дүниежүзілік  додада 4 алтын медальді  жеңіп  алды. Шымкенттік  ескек  есушілер  қазіргі таңда 20-25 тамыз аралығында Миланда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалуда. Айта кету керек, бұл әлем біріншілігінде келесі  жылы  Бразилияда  өтетін  Олимпиаданың  жолдамалары  сарапқа  салынады.
BASN3706
Р.S. Спорт жарыстарының  ең мәртебелісі, төрт жылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындарына дейін әлі бір жылдай уақыт бар. Қазіргі таңда Оңтүстік спортшыларында Олимпиаданың төрт жолдамасы бар. Жолдама иелері – Юрий Юрков (оқ ату), Элизавета Король (оқ ату), Рашид Юнусметов (оқ ату) және Біржан Жақыпов (бокс). Әлемнің түкпір-түкпірінде спорттың әр түрінен бірнеше лицензиялық жарыстар өтетінін ескерсек, жерлестеріміз сол бәсекелерде қарқынын күшейтіп, қоржынымыздағы жолдамалар санын көбейтеді деп сенеміз.

Сәбит ТАСТАНБЕК

 

Последнее изменение Пятница, 14 Август 2015 09:58
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.