Шымкентте спорт қызметкерлері арасында спартакиада жалауын көтерді

Пятница, 14 Август 2015 11:30 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 9337 раз
2003 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде «Спорт күні» кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Осы атаулы мерекеге орай бүгін Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда салтанатты жиын өтіп, облыстық спорт қызметкерлерінің спартакиадасы жалауын көтерді.
444qw77Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков сала мамандарын құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттауда жемісті еңбегі үшін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.
 
С. Қаныбеков өз сөзінде қазіргі таңда Оңтүстік спортшыларында Рио-де-Жанейро Олимпиаданың төрт жолдамасы бар екенін және Олимпиадаға дейін жолдама санын 20-ға жеткізу көзделіп отырғанын атап өтті.
 
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы жарлығына сәйкес, өңірімізде бүгінгі таңда бірқатар ғажайып спорт ғиамараттары салынып, тұрғындардың дене шынықтыруға деген белсенділігі күшейіп келеді. Биыл облыс спортын дамытуға бюджеттен 4,5 млрд. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен Бәйдібек ауданында және Арыс, Сарыағаш қалаларында жаңа спорт нысандары бой көтеруде. Спорттың өрісін кеңейту үшін алдағы уақытта да мемлекет тарапынан қолдау жалғасын таба береді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
20150814 095426Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев бір топ спорт ардагерлері мен бапкерлерге, сондай-ақ салауатты өмір салтын БАҚ арқылы насихаттап жүрген журналистер қауымына сый-құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді.
 
Айта кетейік, 10-15 тамыз аралығында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облысымыздың барлық елді мекендерінде 200-ден аса спорттық іс-шаралар өтеді.
 
Сәбит ТАСТАНБЕК
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.