Жұбан – жеңiмпаз!

Пятница, 29 Апрель 2016 07:53 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4073 раз

zhubaШымкенттік шахматшы Жұбан Биғабылов Еуропадан жеңіспен оралды. 17-29 сәуір аралығында Грекияның Халкидики қаласында шахматтан әуесқойлар арасында әлем чемпионаты өткен-ді. Он күнге созылған бәсекеде жерлесіміз классика түрінен жеңімпаз атанды.

Әлем чемпионатында осал қарсыластың болмасы белгілі. Бұл жолы да әлемдік сайысқа 49 мемлекеттен 160 спортшы қатысты. Кіл үздіктердің арасынан топ жарып шыққан жерлесіміздің ерлігі атап өтерлік. Жеңіске шахматшының жаттықтырушысы – Ардақ Қанаевтың да қосқан үлесі зор.
Жеңімпаз шахматшы – Шымкент қаласының №3 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы әрі спортшысы екенін де айта кетейік. Бұған дейін, ол Шымкент қаласы әкімінің кубогын да жеңіп алған еді.
Ж. Биғабылов – шахматтан спорт шеберлігіне үміткер.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.