Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Блауманн Ференцпен кездесті.

консул

Екіжақты кездесу барысында тараптар Шымкент пен Венгрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қала басшысы шаһардың инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, аймақта шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Шымкент – Қазақстандағы жетекші өндірістік және экономикалық орталықтарының бірі. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шымкент қаласы ірі транзиттік дәліздерге арналған көлік хабына айналады.

Мұнда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған, яғни, екі индустриалды аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.Алдағы уақытта «Жұлдыз» және «Агро» индустриалды аймақтарын салуды жоспарлап отырмыз.

Ал, біз Венгрияны бау-бақша мен жүзім шаруашылығы жоғары дамыған ауыл шаруашылығы саласындағы индустриалды ел екенін білеміз. Сондықтан осы бағытта әріптестік орнатуға ниеттіміз. Оған қоса, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Екі елдің тарихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас екенін айтқан Бас консул шымкенттік жастарды Венгрия мемлекетіне оқуға шақырды. Блауманн Ференц Қазақстанға жыл сайын 250 грант бөлінетінін, яғни осы арқылы Шымкент қаласының студенттерін барынша қамтуға болатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сөз байласты.

Зауыттың жұмысымен танысты

Пятница, 15 Ноябрь 2019 03:52

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі – Шымкенттегі «Бесқұдық тас» зауыты.

зауыт тасқұдық

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады.

Аталған зауыттың тыныс-тіршілігімен қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысып, жұмысшылармен жүздесті. Зауытта дайындалған травертин құрылыс материалы бүгінде Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне қолданылып келеді.

Мәселен, қаладағы Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үйдің қасбетін аталмыш мекеме өз есебінен көркейтіп берді.

Екі ауысымда жұмыс істейтін өндіріс орнында 40-тан астам адам жұмыс істейді. Нысан басында жатақхана, асхана, тағы басқа да орындар бар – жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жан-жақты қарастырылған.

Мұнда Түркия мен Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі жабдықтары мен техникалары пайдаланылады. Барлық жұмыстар автоматтандырылған.

Эльвира Доля, Мемлекеттердің гуманитарлық-ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қор директорының орынбасары:

33333

– Жұмыс бабымен Қазақстанға көп сапарладым. Ал Шымкентке табаным бірінші рет тиіп отыр. Мұнда мені таңғалдырған һәм тамсандырған бір нәрсе болды. Ол – сіздердің концерттік залдарыңыз. Мысалы, Мәскеу қанша үлкен қала болғанымен, бірде-бір 1000 орындық залы жоқ. Не 500 не 5000 орындық. Ал 1000 орындық зал көрермен жинауға таптырмас ғимарат. Брест қаласында 3000 орындық зал бар. Ал оған арнайы бағдарлама қоя алмайсың. Немесе стадионда камералық оркестрдің концертін қою мүмкін емес. Шымкентте бізге таңдау үшін көптеген залдарды көрсетті. Бұл өте жақсы. Олардың құрылысы логикаға сай өте дұрыс жүргізілген.

Әдеттегідей аптаның әр сенбісінде Цитадельге ат басын бұратын шаһар басшысы тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Аралау барысында қала әкімі Цитательдің Оңтүстік қақпасының алғашқы кірпішін қалады.

73325007 2361142074198745 5237877295108063232 o

–Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарды өте қарқынды түрде жүргізуіміз керек. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай болуымыз қажет», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Менторлық – табыс кілті

Пятница, 08 Ноябрь 2019 07:12

Миллионды қалада «Дарынды жастар – ел болашағы» атты форум өз жұмысын бастады. Бизнес тренерлер мен қоғам қайраткерлері жастардың басын құрап, оларға өмірде өз жолын табуға бағдар беріп, тұлғалық қабілетін дамыту және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін тәжірибелерімен бөлісуде.

369

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті.

356

 WhatsApp Image 2019-11-06 at 21.14.21

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен кезекті республикалық Адалдық сағаты өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидаларын жеткізу болып табылады.

Атап айтқанда, "Парасаттылық мектебінің" 50 арнайы оқытылған лекторлары "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топ, Нұр Отан, ардагерлер кеңесі, жастар ұйымдары, қамқоршылық кеңестерінің өкілдерімен бірлесе қаланың 140 мектебінде 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәрістер өткізді.

Аталған кездесулердің форматы ойын коучингтері, тренингтер, дөңгелек үстелдер түрінде ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі мақсаттары, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы парасаттылықтың рөлі түсіндірілді.

 

WhatsApp Image 2019-11-06 at 21.14.19WhatsApp Image 2019-11-06 at 21.14.20

 

Шараларда өскелең ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Парасатты дос, аға, ұл, оқушының үлгісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының өзегі болып табылатындықтан, «Парасаттылық мектебінің» лекторлары өз баяндамаларында жастарды насихаттау қызметінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

adg5260s

Түркістан облысына сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Тұңғыш Президент Саябағындағы ойын-сауық паркінің құрылыс жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, Елбасы желілік саябақ жасау жоспарын көріп, қалалық Арбатты қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасы туралы ақпарат берілді.
Сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті.
Сөз орайында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызын және қала бойынша жүріп жатқан құрылыс қарқынының жоғары екенін атап өтті.
– Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-cі биыл іске қосылады. Бұл процеске еліміздің барлық өңірлері қатысып жатыр. Барлық жоспарланған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін біз туристердің көбеюін күтеміз. Сонымен қатар, қосымша жұмыс орындары ашылады. Мұның бәрі біздің халқымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Концерт соңында Нұрсұлтан Назарбаев қолөнершілердің көрмесін аралап көрді. Онда әлемнің 20 елінен келген шеберлердің жұмыстары ұсынылған.
Сапар кезінде Елбасы Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында болып, Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығын қайта құру жұмыстары бойынша аралық нәтижелерімен танысты.
Түркістан тынысымен танысқан Нұрсұлтан Назарбаевқа Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, Елбасыға туризм индустриясын дамыту, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жобалар таныстырылды.
Қазақстанның Тұңғыш Президентіне болашақ «Түркістан» халықаралық әуежайының және 600 орындық көпбейінді аурухананың үлгілері көрсетілді.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаевқа облыс орталығында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың нәтижелері туралы мәлімет ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Алатау» медиа орталығы ғимаратында болып, өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған жұмыс бөлмелерін аралап көрді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаладағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны жоғары екенін атап өтті.
Жаңа өнер мектебінде болған
Елбасыға өңірде өнер мен мәдениет саласын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Балалар шығармашылық ұжымдары Қазақстанның Тұңғыш Президентіне бірнеше музыкалық қойылым көрсетті.
Елбасы Түркістанға сапарының қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті.
– Өткен жылы облыс орталығын көшіру туралы жарлыққа қол қойған соң ауқымды құрылысты бастадық. Бүгін мен орасан зор ғимараттарды аралап көрдім. Көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, жастар үшін жұмыс орындары ашылып жатыр. Ауруханалар, мектептер, қонақ үйлер, халықаралық әуежай салынады. Су ресурстарымен қамту саласындағы мәселелерді шешу жоспарланған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті әкімдіктің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.
– Бір жыл ішінде көптеген жұмыс істелді. Келесі жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан басшыларын саммитке шақыруды жоспарлап отырмыз. Егер олар қатысуды растаса, біз оны Түркістанда өткізуіміз мүмкін. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы Түркістанның дамуын қолдап отыр. Әрбір үй, әрбір қала – бұл Қазақстанның байлығы. Елорданы салған кезде қаржыландыруға байланысты сұрақтар болған еді. Енді Нұр-Сұлтан қаласы барлық шығындарды өтеп, жыл сайын бюджетке триллиондаған кіріс әкеліп отыр, - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан мен бүкіл өңірдің туристік әлеуетін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Біз мұнда көптеп туристерді тартуымыз керек. Бүкіл түркі әлемі Түркістанды орталық деп санайды. Туризм – экономиканың маңызды бөлігі. Мұнда көптеген мұражайлар бар. Қазір «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркін құру жұмыстары жүргізілуде, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Страница 14 из 355