Пиротехникалық заттардан зардап шеккендер көп

Пятница, 09 Январь 2015 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3365 раз

Шымкентте жаңажылдық мереке күндері 28 адам пиротехникалық өнімдердің атылуынан жапа шекті.

Pirotehnika vyatka ruОл жайында Шымкент қалалық әкiмдiгiнiң баспасөз орталығында өткен брифингте мәлім етілді. Жиынды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Е.Сарыбаев пен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚ өндiрiстiк филиалының бас инженерi
С.Исмаилов жүргiздi.
Пиротехникалық заттардан зардап шеккен тұрғындардың 24-i жасөспiрiм, үшеуi ересек, бiреуi әйел адам болған. 19 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетiлiп, үйiне қайтарылса, 9 кiсi ауруханаға жатқызылған.
Ең өкініштісі, мерекелiк демалыс күндерiнде бірқатар келеңсіз оқиға салдарынан кісі өлімі орын алды. Соның бірі Ғ.Iляев көшесiнiң тұрғыны өз үйiнiң жатын бөлмесiнде өрттен қайтыс болған. Сондай-ақ, газдан улану оқиғасы 3 қаңтар күнi «Жайлау» шағынауданында тіркелді. Тұрмыстық газ плитасы мен су жылыту құрылғысының желдеткiш құбыры ортақ мұржаға қосылуының салдарынан бiр отбасынан екi кiсi уланған. 1982 жылы туылған азаматша оқиға орнында қайтыс болып, 1984 жылы туылған ер кiсi ауруханаға жеткiзiлген.
Келесi оқиға 4 қаңтар күнi осы «Жайлау» шағынауданының Есiркеп батыр көшесiндегi жеке үйде тiркелген. Мұнда да газ қондырғысы жуыну бөлмесiне орнатылып, тиiстi техникалық қауiпсiздiктiң сақталмауынан 1990 жылы дүниеге келген бойжеткен иiстен уланып, қайтыс болған.
Брифинг барысында мамандар өткен жылы қала аумағында газ иiсiнен улану оқиғасы бойынша орын алған деректерді де келтірді. Бір жыл уақыт ішінде 15 дерек тiркеліп, салдарынан 10 адам зардап шегiп, 16 кiсi бақилық болған. Бұл ретте мамандар оқиғалардың басым бөлiгiнде тұрғындардың техникалық қауiпсiздiктi сақтамауы мен салғырттығы себеп болып отырғанын алға тартты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.