Жылыту мұржаларын жiтi қадағалаңыз

Пятница, 19 Декабрь 2014 03:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4163 раз

Қалада жылыту маусымы басталғаннан бері иіс газынан улану оқиғалары жиілеген. Негізінен, жылу пештері мен газ құралдарының дұрыс қолданылмауы, табиғи газды пайдалану ережелерін бұзу себептерінен туындаған.

510373Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдері мен ОҚО төтенше жағдайлар басқармасы мамандары осындай уәж айтты. Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов та бұл пікірді қуаттайды. Қайтыс болғандардың дені – мектеп оқушылары. Ал, иіс газбен улану жағдайларының бәрі де жеке тұрғын үй секторларынан шыққан. Желтоқсан айында ғана газбен уланып 3 адам қайтыс болыпты.
– Талдау нәтижелері көрсеткендей, төтенше жағдай тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамау кесірінен орын алып отыр. Пештерді және басқа да жылыту құралдарын қолданар алдында  түтін шығаратын мұржалардың тартымын тексеріп алу керек. Тіркелген 15 оқиғаның 60 пайызы мұржалардың дұрыс салынбауы себебінен, – деді
Б. Жанбосынов брифингте.
Ал, төтенше жағдайлар мамандары газ құралдар мен газ баллондарды мектепке дейінгі балалар, қарттар және аталған құралдармен жұмыс істеу ережелерін білмейтін адамдар қолдануға болмайтынын ескертті.

 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.