Отандық тауарды сатып ал!

Пятница, 20 Февраль 2015 05:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5403 раз

Шымкенттіктер акцияны қолдайтындықтарын жеткізді

20150218002438«Барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болу үшін «Қазақстанда жасалған» акциясын бастаймыз. Облыс әкімдері мұны қадағалап отыруы керек. Барша азаматтарға осы күрделі жағдайда патриот болып, қазақстандық өнімді сатып алу жөнінде сөз арнаймыз»

Н.Назарбаев,
ҚР Президенті

Мемлекет басшысы ел үкіметінің кеңейтілген отырысында отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған!» жалпыұлттық акциясын бастауды тапсырған еді. Осы аптада Шымкент қаласындағы сауда орындарында отандық өнімдерге арналған сөрелер ашылып, елімізде шығарылатын тауарлар қойылды. 

Шымкент қаласы әкімдігінің тарапынан қолдауға шақырған бұл акцияға облыс орталығындағы «Фиркан» және  «Шахан» сауда орталықтары алғашқылардың бірі болып қосылды. Сауда орталықтарында «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар маңдайшалар бірден көзге түседі. Мұнда өзін патриот санайтын тұтынушылардың қарасы көп. Отандық өнім өндіретін кәсіпорындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шарада өз өнімімізге тұрғындар да қолдау білдіруде.  Қазақстанда өндірілген азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды сатып алып, белсенділік танытып жатыр.
– Өзімізде шығарылатын тауарлар сапалы әрі таза болады. Әсіресе, дәмі тіл үйіретін сүт өнімдерін айтар едім. Отбасым үшін үнемі отандық тауарларды ғана сатып алуға тырысамын, – дейді шымкенттік Нағима Сманова.
Отандық тауарлардың бәсекелестерден артықшылығы оның бағасында ғана емес сапасында. Тікелей өндірушілерден әкелінетін  тауарлар тұтынушыларға мерзімінде жеткізіледі. Сауда орталықтарында «Қазақстанда жасалған» деген белгімен жұмыртқа, тауық еті, ет, сүт өнімдері, әртүрлі шырындар мен газды сусындар, кондитерлік өнімдер де кең сұранысқа ие болуда.  
– Біз барынша отандық тауарларды қолдауға мүмкіндік жасаудамыз, – дейді «Фиркан» ЖШС супермаркеттер желісінің директоры Сечкин Пишкин. – Мемлекет тарапынан жасалып отырған мұндай қолдау алдағы уақытта бәсекеге қабілетті отандық өндірушілердің әлемдік экономикадағы жаңаша қадамдарын айшықтай түседі. «Қазақстанда жасалған» акциясы арқылы тұрғындар өз мемлекетінің экономикасына да үлес қосып жатқанын сезінуі керек. Сондықтан «Қазақстанда жасалған» акциясы қашанда болсын өзектілігін жоғалтпайды.
Елімізде жасалған тауарларды тұтыну арқылы ел экономиканы дамытуға сүбелі үлес қосатынын осылайша  тұрғындар да ұғынып отыр.
Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді насихаттау шаралары жалғасады. Тауарларды тұтынушылар көп шоғырланатын өтімді орындарда сату бағытындағы шаралар өңірдегі ірі сауда орындарында және қалалық жәрмеңкелерде іске асады деп жоспарланып отыр.

npp-news-1393915709Абылай Мырзахметов,
Қазақстан ұлттық
экономикалық
палатасының басқарма
төрағасы:

– Отандық өнімдерді қолдайтын болсақ сауда айналымы туралы заңға өзгеріс енгізіп, сауда орындарының тауарларға беретін орындарының 50 пайызы отандық кәсіпорындардың өнімдеріне берілуі қажет. Бұл жөнінде жұмыс жасап жатырмыз. Үкімет қазір біздің отандық
кәсіпорындардың тауарларының өтуіне 1 млрд-тан 2 млрд-қа дейінгі аралықтағы жобаны қолға алмақ. Бұл мәселе бойынша нақты заңдар қабылданғанға дейін үкімет кәсіпорындардың шығынын өтеу үшін 1 млрд. теңге қарастырылып отыр, ол сомма әлі өсуі мүмкін. Қазіргі уақытта біз отандық кәсіпорындарды тығыз жұмыс жасауға шақырып жатырмыз.

К. ЕРАЛЫ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.