ЮНЕСКО ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ Избранное

Пятница, 27 Октябрь 2023 03:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 452 раз

Шымкент қаласында Жібек жолының мәдени мұрасын қорғаудың стратегиялық бағыттарын анықтау мақсатында үйлестіру бюросының (SRLHN) III отырысы өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағының халықаралық мәдени мұралар орталығы мен қалалық туризм, сырты байланыстар және шығармашылық индустрия басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

763

 

Жібек жолының мәдени мұралар желісінің жаңғыруына ықпал етуді мақсат еткен жиын 2200 жылдық тарихы бар Шымкентте алғаш рет өткізілді. Жеті елден – Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстаннан Жібек жолының материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға және ілгерілетуге мүдделі 15 ықпалды тұлға мен сарапшылар бас қосып, пікір алмасты.
Шымкент – Жібек жолының бойында орналасқан көне қала. ЮНЕСКО-ның аталған елдердегі өкілдері, сарапшылар көшпенділердің, Жібек жолының бойындағы халықтардың мәдени мұраларының жаңа элементтерін талқылау, зерделеуді мақсат еткен. Жалпы айтқанда, үйлестіру отырысы салт-дәстүрімізді сақтау, зерттеу, насихаттау бағытында тағылымды іс-шараларды іске асырмақ.
ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша өкілі Ким Деок Сун мәдени мұраларды сақтау үшін тың мәліметтер жинау, Ұлы жібек жолының мәдени мұрасын сақтауда осындай басқосулардың маңызы зор екенін атап өтті.
Айта кетсек, іс-шара қонақтары Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында халқымыздың салт-дәстүрімен де танысты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.

Другие материалы в этой категории: « Сапалы өнім БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН »