БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН Избранное

Пятница, 27 Октябрь 2023 03:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 481 раз

Республика күніне арналған салтанатты шара қаладағы «Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік ту көтеру рәсімінен бастау алады. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары мен жастар жиылды.

751

 

Жиналған көпшілік Әнұранды шырқап, көк Туымыз биікке көтерілді.
Еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік Ту бір мезетте көтерілді. Қайта жаңғырған ұлттық мереке — Республика күні биыл екінші жыл қатарынан аталып өтуде. Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Шымкент қаласында да өз деңгейінде тойланды.

752


Кешкілік шаһардағы Астана алаңында Республика күніне арналған мерекелік гала-концерт өтті. Концерттік бағдарламаны тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.
Жергілікті өнерпаздардың әндерімен басталған іс-шара эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Жергілікті өнерпаздар Еркін Нұржанов, Наркенже Серікбаева, Серік Гамза-задэ, «Фараб» би тобы, «Қазына» би ансамблі мерекенің сәнін кіргізді.
Сондай-ақ, концертті әрі қарай еліміздің эстарада жұлдыздары жалғады. Көпшілік іс-шарада Ғаділбек Жанай, Қайрат Түнтеков, Жанболат пен Жазира, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа сынды өнер жұлдыздары танымал әндерін тарту етті.
Осылайша Республика күніне арналған гала-концерт қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.