Тазалық – мәдениеттiлiк өлшемi

Пятница, 24 Апрель 2015 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 9330 раз

Сенбі күні облыс аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. «Көктем – тазалық бастамасы» акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық шарасына шымкенттіктер де өз үлестерін қосты. Сенбілікке облыстық, қалалық мекеме қызметкерлері, сонымен қатар, қала тұрғындары, жастар қауымы белсене қатысты.

DSC 1026Бұл күні қаладағы әр мекеме өздеріне тиесілі аймақты күл-қоқыстан тазартып, көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Көше бойлары, қаланың барлық саябақтары, сондай-ақ арықтар мен жиекжолдар тазартылып, ағаштардың түптері әктелді. Сенбілік кезінде арнайы көліктермен қоқыстар қала сыртына шығарылды.
“Абай” саябағында өткен сенбілікке Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров қатысып, көпшілікпен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты.
Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, мұндай сенбіліктердің қала тазалығын сақтауда маң-ызы зор.
– Қаламызды біреу сырттан келіп тазалап бермейді. Мұндай сенбіліктерге әр азамат өз үлесін қосқаны жөн. Бұл шараның тәрбиелік мағынасы үлкен, жастарды еңбекке баулу жағы бар. Қалаға деген патриоттық сезімді оятады. Сенбілікке белсене атсалысу арқылы Шымкент тұрғындары өз қаласын сүюге, тазалық мәдениетін қалыптастыруға айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз, – деді Н. Бекназаров.
Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосыновтың сөзіне сүйенсек, биыл Шымкент қаласы аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру мақсатында  555 млн. теңге бөлінген. Бұл қаражат қаланың абаттандыру жұмыстарына және қаладағы гүл алаңқайларын көріктендіруге жұмсалмақ.
– Қазір қаланың тазалығын ретке келтіруде облыс, қала басшылығы тарапынан үлкен жоспарлар қолға алынуда. Осы бағытта бүгінгі таңда шаһардың 72 нүктесінде тиісті жұмыстар атқару керектігі анықталған. Соның ішінде биыл 4 нүктеде жұмыстарды аяқтау жоспарда бар. Атап айтқанда, Қошқар ата өзенінің бойында, «Самал-3» шағынауданында және Рысқұлов көшесі мен Әл-Фараби көшелерінің ортасындағы жалпы 4,7 шақырымдық аумаққа бетондау және ирригациялық жүйелерін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі, – деді Б.Жанбосынов.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Мен сайлауға барамын! Отбасылар назарына! »