Отбасылар назарына!

Пятница, 24 Апрель 2015 05:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2593 раз

ca62e8d97b6640ef003d194953249115 XLШымкент қаласында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңі өтеді. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.
Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері жіберіледі.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz сайтынан танысуыңызға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2015 жылғы 10 мамырға дейін Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, №6 үй, 322 кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:
54-50-31, 53-64-12.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.