Қауын-қарбыздан қауiп бар

Пятница, 19 Июнь 2015 09:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4654 раз
arbuz-dynyaМаусым айының бел ортасы енді болса да қала базарлары мен азық-түлік орындарында қауын-қарбыз қаптады. Қауынның келісі 200-250, қарбыз 50-80 теңгеден саудасы қызып тұр. Тым ерте піскен қауын-қарбыздың сапасы мен қай жақтан келетініне назар аударып жатқандар да сирек. Ал, мамандар болса "оларды қазір сатып алып жемеген дұрыс, көп мөлшерде дәріленуі мүмкін", – дейді.
 
– Көкөніс пен жеміс-жидектерді шілденің аяғы мен тамыз айының басынан бастап пайдаланған жөн. Қазір піскен пестициді көп қауын-қарбыздан дәм татқан жағдайда тұтынушының дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдары бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ жол бойында жабайы сауда орындарынан да сатып алмаған дұрыс. Өйткені көліктерден бөлінген түтін мен газ оларға сіңеді де, іш індетінің басты көзі саналады. Ал енді бүгін саудаланып жатқан қауын-қарбызға тәбетіңіз тартқан екен, онда сатушыдан өнімнің санитарлық қадағалаудан өткені, сараптаманың қорытындысы жазылған түбіртекті талап етіңіз, – дейді Ұлттық салауатты тағамтану орталығының ғылыми қызметкері Лаура Байқонысова.
 
Айта кетелік, барлық базарларда ветеринарлық бақылау және қадағалау пункттері жұмыс істеуі, яғни олардың рұқсатынсыз бірде-бір өнім сатылуға жіберілмеуі тиіс. Дегенмен қауын-қарбыздың дәмін ерте татуға асықпаңыз.
 
Ә. ӘБУ
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.