Әлем чемпионын марапаттады

Пятница, 19 Июнь 2015 09:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2795 раз
99999999999999966666666Ауыр атлетикадан 6-13 маусым аралығында Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар арасында шымкенттік Надежда Ногай (+75 келі) жеңімпаз атанды. Осыған орай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай чемпионды жеңісімен құттықтап, шаһар басшысының Алғыс хатын табыстады.
 
Спортшымен кездесуде қала әкімінің орынбасары Н. Ногайдың жетістігіне ризашылығын білдіріп, бағалы сыйлықтар тапсырды. Қайрат Ырзақұлұлы өз сөзінде ел абыройын асқақтатқан спортшы қыздың алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
 
– Жерлесіміз Надежда Ногай бұған дейін де талай додаларда Қазақ елінің туын жоғары көтерген болатын. Оның спорттағы әрбір жүлдесі жастарға үлкен серпін береді, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға өз әсерін тигізетіні сөзсіз. Н. Ногайдың келесі жылы Бразилияда өтетін Рио-де Жанейро Олимпиадасында биіктен көрініп, жүлдемен оралуына тілектеспіз, – деді қала әкімінің орынбасары.
 
Марапаттау сәтінде ОҚО ауыр атлетика федерациясы да спортшы мен бапкеріне қаржылай қолдау көрсетті. Атап айтсақ, Н. Ногайға 500 мың теңге және бапкеріне 100 мың теңге көлемінде сыйақы табыстап, “Сарыағаш” шипажайына 10 күнге жолдама берді.
 
Айта кетейік, 19 жастағы зілтемірші ару бүгінде ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы А. Мельниковтен тәлім алады. Шымкенттегі Л. Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған  спорт мектебінің түлегі 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында осымен 5 дүркін жеңімпаз атанып отыр.
 
Сәбит ТАСТАНБЕК
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.