Бизнесiн өркендетуге жол ашық

Пятница, 19 Июнь 2015 09:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2865 раз
damu photoШымкентте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалында семинар-тренинг өтті. ОҚО Іскер Әйелдер қауымдастығы ұйытқы болған шараға бизнесте жүрген нәзікжандылар мен жеке кәсібін енді бастап жатқандар қатысты.
 
– Семинардың басты мақсаты – бизнестегі әйелдердің азаматтық белсенділігін арттырып, кәсіпкерлікке бет бұрған нәзік жандыларға мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері жайлы ақпарат беру, – дейді ОҚО Іскер Әйелдер қауымдастығының жетекшісі Құралай Бекенова. – Расын айту керек, кәсібін бастағандардың көпшілігі мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдауларды біле бермейді. Негізінде, елімізде жеке кәсіпкерлерге үлкен көмек жасалуда. Әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Мәселен, “Даму” кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен кәсіпкерлер палатасының бизнестің көкжиегін кеңейтуде қолдауы зор.
 
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен ОҚО Іскер Әйелдер ассоциациясының қолдауымен Шымкентте мұндай кең көлемде ұйымдастырылған семинар тренингтер үш жылдан бері өтіп келеді. Мұнда келгендер бизнес жоспарларын, идеяларын ортаға салып, пікір алмасады. Осында келіп, жеке бизнесін бастағандардың бірі – Гүлнұр Үсенова. Ол Шымкентте бастауыш сыныпта оқитын балаларға арнап «Алиар» орталығын ашқан. Онда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытуға, арифметикалық есептерді жедел орындауға жағдай қарастырылған.
 
– Мен енді Қазақстанда алғаш болып Шымкенттен бүлдіршіндерді дұрыс тамақтандыру бойынша интеллектуалды балабақша ашуды жоспарлап отырмын. Кәсібімді бастағанда алдымда көп кедергілер бар секілді көрінетін. Бірақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауына сүйене отырып, барлық қиындықтарды жеңіп келе жатырмын. Бүгінде мемлекетіміз кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетуде. Сондықтан, әріптестерім ештеңеден қорықпай, өз күштерін байқап көруі тиіс, – дейді ол.
 
С. АЙБАР
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.