Жас та, жасамыс та кезекте тұр

Пятница, 19 Июнь 2015 09:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3767 раз
DSC 0184Жаз басталысымен балмұздаққа сұраныс артады. Бала да, үлкен де тіл үйірер балмұздаққа құмар. Күздің салқыны түскенше тәтті өнімнің саудасы қызады. Балмұздақ нарығында тер төгіп жүргендер баршылық. Бір-бірінен асатын кәсіп иелері де көп. Өйткені ол табысты, шығыны аз.
 
Әсіресе, «Теріскей» шағынауданындағы Дауран Әбсаматовтың тәтті өнімі үлкен сұранысқа ие. Дүңгіршек маңы сағат 11-ден кейін сатып алушыларға толады. Ал, түстен кейін адамдардың қатары қалыңдай түседі. Тіпті үлкендер де жастармен бірге кезекте тұрады.
 
Олардың айтуынша, балмұздақтың дәмі керемет. Дәмін татқан соң, қайтып алғың келіп тұрады. Қарт кісілер "бала кездегі балмұздаққа ұқсайды" дейді. Бағасы да қолжетімді. Ұтымдылығы да осында. Шығарылған тауар тұтынушының көңiлiнен шығуы үшін барын салатыны да байқалады.
 
– Бұл салаға келу үшін ұзақ жылдар бойы тәжірибе жинақтадым. Қазір бұл кәсіпті отбасымызбен меңгергенімізге 10 жыл. Балмұздақ өндіруді алдымен атам бастаған. Біздің басқалардан артықшылығымыз, тек дәмінде емес. Көлемінің үлкендігінде. Балмұздақ – бiрiншiден, өтiмдi тауар. Екiншiден, оған қажеттi шикiзат – сүттi Сайрам ауданынан аламыз. Бүгінде балмұздақтың бірнеше түрі бар. Бірақ құрамы құпия, – деді Дауран Абсаматов.
 
Қоңыр күзге дейін сатылатын балмұздақтың қалай жасалатыны жайлы өндірушілер мардымды жауап бермеді. Өйткені, өз еңбегін біреудің иеленіп кеткенін қаламайды.
 
Қ. САБЫРБАЙҚЫЗЫ
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.