Еңбекші ауданында заңсыз орналасқан дүңгіршектер жойылды Избранное

Вторник, 18 Август 2015 10:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3341 раз
20150817 165254Шымкентте жабайы саудамен күрес әлі жалғасып жатыр. Кезекті рейдтік іс-шара Еңбекші ауданында жүргізілді. Заңсыз сауда нүктелерін бақылауға бұл жолы тәртіп сақшыларымен қатар, Еңбекші ауданы әкімдігінің өкілдері және қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандары, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, ішкі істер бөлімі қызметкерлері жұмылдырылды.
 
Рейдтік шара барысында 18 шағынаудандағы заңсыз таксафон орнынан алынды. Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерік Тіленшиннің айтуынша, заңсыз саудаға байланысты ауданда бүгінге дейін 50 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде, 97 заңсыз әрекет орын алған.
 
– Нақтырақ айтсақ, 63 нысанның заңсыз жер иеленгені, 26 нысанның жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқаны, 8 нысанның жерді өз бетінше иеленгені анықталды. Аудан тарапынан «Жабайы сауда» иелеріне 14 күн ішінде өз еркімен алыну қажеттілігі туралы ескертпе хабарламалары таратылды. Алайда белгіленген мерзімде заңсыз орнатылған нысанды алуға іс-әрекет қарастырмаған 10 нысан иесіне 396 400 теңге айыппұл салынып, 16 нысан иесіне ескерту хаттамалары толтырылды, – дейді Ерік Тіленшин.
 
Рейдтік іс-шара нәтижесінде, көше бойын жағалай отырып, жабайы сауданың көркін қыздырған тағы екі нысан иесіне шара қолданылып, заңсыз дүңгіршектер орнынан алынып тасталды.
 
Жалпы, Еңбекші ауданы аумағында бүгінге дейін заңсыз орналасқан 49 дүңгіршек және 5 киіз үй орнынан алынды. Ретсіз сауданы жою бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
 
С. ТАСТАНБЕК
Последнее изменение Вторник, 18 Август 2015 10:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.