Тәуелсiздiктiң теңдессiз тартуы! Избранное

Пятница, 28 Август 2015 07:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4111 раз

Қымбатты шымкенттіктер! Қадірлі қонақтар!

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – біздің еліміз үшін ең ұлық мерекелердің бірі. Биыл еліміздің Конститу­ция­сының қабылданғанына – 20 жыл толды. Ата Заңымыздың мерейтойы Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының 20 жылдығымен мемлекеттік деңгейде бірге тойлануда. Бұл бейбітшілік пен ынтымақтың ортақ байланысы.
Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз, мемлекеттігімізді нығайту жолында ауқымды істер атқарып, алдымызға айқын мақсат қойдық. Мемлекет басшысының – жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты және Бес институттық реформасы Ата Заңымыздың аясында жүзеге асатын жүйелі жобалар.  

tauelsizdiktin tendessiz tartuy 35

Ата Заң қабылданған 20 жыл ішінде Шымкенттің әлеуметтік, экономикалық, өндірістік дамуында тың серпілістер орын алды. Халық саны өсіп, еңбек өнімділігі артты. Құқықтық қоғамдық пікір қалыптасты.  
Бүгінде шаһарымыздың  жаңа бас жоспары бекітіліп, қала аумағына 117 мың тұрғыны бар 36 елді мекен қосылды. Тағы бірнеше жылда біз миллионды қалаға айналмақпыз. Экономикалық белсенділік артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұның бәрі, Бас Құжатымыз – Ата Заңның аясында жасалып жатқан игі істер.  
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Шымкент қаласын Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қалаға теңегені, біз үшін үлкен абырой ғана емес, сондай-ақ әрбірімізге жүктеліп отырған үлкен  жауапкершілік. Президентіміздің осы сенімі әлеуметтік және мәдени деңгейімізді арттырады. Соның нәтижесінде әрбір қала тұрғындарының өмір сапасы артады деп ойлаймын.     

Құрметті қала тұрғындары!

Конституция – тәуелсіз елдің қоғамдық қағидасын бекітті, демократия  дамуына импульс берді, азаматтық бейбітшілік пен келісімді ұзартты. Елдегі  ұлт пен ұлыстың бірлігін нығайтты. Бүгінде, Шымкентте 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Олар әр түрлі салада қаланың дамуына, мегополис атануына ерекше үлес қосып жүр.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, тілейміз және алдағы уақытта Шымкентімізді Қазақстандағы үшінші мегополиске жеткізу үшін аянбай жұмыс жасайық.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі
Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.