Жаңа автобустардың саны артады

Пятница, 16 Октябрь 2015 07:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5721 раз

Биыл Шымкентке 100 қоғамдық көлік әкелінуі мүмкін. Қазір осы бағытта қала әкімдігі тарапынан жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаев мәлімдеді.


Бүгінде Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметінде 27 тасымалдаушы көлік компаниясы бар. Жарқын Байдуллаевтың айтуынша, қазіргі таңда Шымкенттегі қоғамдық көліктердің сапасын бақылау мақсатында бір айлық рейдтік шара басталған.
Қалада қатынайтын сыйымдылығы аз «Газельдерге» шектеу қойылып, олардың саны азаюда. Мәселен, жыл басында қала бойынша 29 бағытта 398 «Газель» болса, қазір оның саны 339-ға жетіп, 24 бағытта қызмет көрсетуде.
– Былтыр қаламызға жаңа 200 автобус әкелінді. Алдағы уақытта қаланы тағы да 100-ге жуық автобуспен қамтамасыз ету жоспарда бар, – дейді Ж. Байдуллаев.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Қоғамдық тыңдау өтедi Төл мерекесiн атап өттi »