Ресми бекітілмесе де, бұл атаулы күнді жыл сайын кітапханашылар қауымы өз дәрежесінде атап өтеді. Қала мектептерінің кітапханашылары Cаттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейде өткен «Мектептегі жасөспірімдерді кітап оқуға баулу» атты семинарға жиналды.
Семинар барысында кітапханашылар жарыссөзге шығып, мектеп оқушыларын кітап оқуға баулу, электронды кітаптарды көбейту, тағы басқа мәселелерді ортаға салды, тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында үздік кітапханашыларға қалалық білім бөлімі мен «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің арнайы Алғыс хаты мен сыйлықтары табыс етілді.
Ә. ӘБУ