Азық-түлiк жәрмеңкесi өттi Избранное

Среда, 10 Февраль 2016 05:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3815 раз

Қалада тұрақты түрде өтіп жүрген азық-түлік жәрмеңкесіне 100-ден аса өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысты.

56b594dbba708Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған жәрмеңке Қажымұқан атындағы орталық стадионында өтті. Жәрмеңке барысында қала тұрғындарына ет-сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, тәттілер, нан өнімдері төменгі бағамен ұсынылды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Көшеров жәрмеңкеде әрбір қатарды аралап, жәрмеңкеге алып келген азық-түліктердің бағасын бақылады.
– Әкімнің тапсырмасы бойынша әр сенбіде жәрмеңке өткізу дәстүрге айналды, – деді қала әкімінің орынбасары. – Мұндағы азық-түлік өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен ұсынылуда. Сатушыларға жағдай жасап, ыңғайлы шатырлар қойылған. Сауда-саттық өркениетке сай жүргізілді. Жәрмеңке өтіп жатқан территорияның да сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлінген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.