Көктем жылы бола ма?

Среда, 16 Март 2016 05:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 7587 раз

IMG 2689Биыл мешін жылының ауа райы өзгеше болды. Қыс мезгiлi қатаңдық танытпады. Шымкентте желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары салыстырмалы түрде жайлы өттi. Керісінше, көктем ерте бой көрсетті. Бәйшешек гүлдеп, ағаштар бүршік жарды. Ал өткен жылы наурыз айында күн суытып, қар жауғаны белгілі. Көктем мезгілі қандай болмақ? Синоптиктер не дейді?


«Қазгидромет» ОҚО бойынша РМК-ның мәліметінше, Оңтүстікте наурыз айы құбылмалы болады деп күтілуде. Бұлт шығып, соңы жаңбырға ұласуы ықтимал.
Наурыз айының 17-18-i күндерi аралығында күн суытып, жауын-шашынды болады. Термометр бағамы 10-15 градус жылылықты көрсетеді. Таулы аудандарда қар жауып, 0 градусқа төмендейді. 22 наурыздан кейін ауа райы қайта жылиды. Айдың үшінші онкүндігінде шымкенттіктер көктемге тән жаймашуақты сезіне алады. Бұл уақытта Оңтүстікте ауа райы +12, +17 аралығында болмақ. Метоқызметтің мәлімдеуінше, сәуірде де өңірде ауа температурасы жоғарылайды. Жалпы көктем жылы, жауын-шашын қалыпты болмақ.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.