ЕСКЕК ЕСУ СПОРТЫ ЕКПІН АЛЫП КЕЛЕДІ
Среда, 05 Июнь 2024 05:17Л.Тәжиева атындағы №4 спорт мектебі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық біріншілік ұйымдастырды. Жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер 150, 200 метр қашықтық бойынша бақ сынады. Жалпы 70 бала қатысуға өтініш берген.
КЕЛІСІМ БҰЗЫЛДЫ: инфрақұрылым жүргізілмей, тарифті көтерген
Пятница, 31 Май 2024 05:44Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында индустриалды аймақтардағы электр энергиясы бағасының қымбаттау мәселесі, табиғи монополияларды реттеу департаменті, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармаларының есебі тыңдалды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
ЕРІКТІЛЕРДІ ЕРЕКШЕЛЕНДІРЕТІН ФОРМА ҚАЖЕТ
Пятница, 31 Май 2024 05:33Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен, ерікті жастармен кездесті. Еркін форматта өткен іс-шарада қаладағы волонтерлік қозғалысты дамытудағы бірқатар мәселелер талқыға түсіп, ерікті жастардың ұсыныстары мен бірқатар мәселелерін тыңдады.
БІР МЕЗЕТТЕ 12 МЫҢ АДАМ МІНӘЖАТ ЕТЕ АЛАДЫ
Среда, 29 Май 2024 05:42Шымкентте бір мезетте 12 мыңға жуық адам мінәжат ете алатын мешіт ашылды. Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит
Сыздықбеков, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, теолог-ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, зәулім мешіттің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа да арнайы келген.
«Тарихтан сабақ алуымыз қажет»
Среда, 29 Май 2024 05:36Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия үш жылдың ішінде ақталмаған 200 молда-ишанның есімін анықтаған. Оның ішінде 73 адамды ақтау жөнінде Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссияға ұсынып отыр. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева «Тағылым. Тағдыр. Тұлға» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деп мәлімдеді. Қалада мазмұнды, жастарға берер тәрбиелік мәні зор конференция соңғы он жылдың бедерінде алғаш рет ұйымдастырылды.
Шомылуға да машық керек
Пятница, 24 Май 2024 09:49Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзов шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Басқарма бастығы атқарылған жұмыстар, қауіпсіздік талаптары мен ережелерін түсіндіріп, алдағы іс-шараларды баяндады.
Жыл басынан бері қаладағы су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Қалада су жағасында демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген.
– Сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 224 рет рейд жүргізілді (7582 адам қамтылды). 2024 жылғы шомылу маусымы кезінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаулысы негізінде жоспар бекітілді. Қала аумағында шомылуға тыйым салынған 13 орын бар. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, шомылу маусымы басталғанда тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жолданады, – дейді Нұржан Нұрханұлы.
2024 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен рейд жүргізіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту, балаларды жүзуге үйретуді пысықтау жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында департамент жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуді жалғастырады.
Ассамблея – ізгі істердің ұйытқысы
Пятница, 24 Май 2024 09:30Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» атты V сессиясы өтті. Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық ҚХА мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым қатысты.
Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік этносаясаттың нәтижесінде қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулық берік орныққан. Бүгінде еліміз Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне қадам басып, қоғамда бірлік, ынтымақ, еңбекқорлық, адалдық, қарапайымдылық сынды жаңа құндылықтарды алғашқы орынға шығарды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы идеологиялық бағыттағы басымдықтарды нақтылап, бірқатар тапсырма берді. Жиында аталған міндеттерді Шымкент қаласы аумағында іске асыру мәселелері пысықталып, алда атқарылар жұмыс жоспарлары талқыға түсті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.
– Қалалық Ассамблея алдында сан-қырлы міндеттер тұр. Қоғамдағы этносаралық татулықты, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, ұлтына, дініне қарай ерекшеленуге, оқшаулануға жол бермеу, игі істерге атсалысу және тағы басқа міндеттерді атқарып келеді. Жасыратыны жоқ, қоғамда Ассамблеяға қатысты түрлі пікірлер де айтылып жүр. Баршаңызға белгілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел бірлігін нығайтуға қызмет ететін бірегей институт ретінде елімізде өмір сүріп жатқан барша этносты бір арнаға ұйыстырып отыр. Ассамблея жүргізіп отырған мемлекеттік этносаясаттың нәтижесінде қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулық берік орныққан, – деді қала әкімі.
Бүгінде қалалық ҚХА алдында сан қырлы міндеттер тұр. Ғабит Әбдімәжитұлы су тасқыны орын алған өңірлерге этномәдени бірлестіктер белсенді үлес қосқанын, жалпы 120 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілгенін мәлімдеді.
Марат Әзілханов Шымкент қаласында ҚХА қоғамда бірлік пен келісімді бекемдеп келе жатқан іргелі ұйым екенін атап өтіп, жұмысты одан әрі жандандыру керектігін айтты. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау жолындағы табысты еңбектері үшін шымкенттік Ассамблея мүшелеріне алғысын білдіріп, этносаясат аясында бірлесе атқарар жоба-жоспарлар жайында баяндады.
– Шымкентте этносаралық жағдай тұрақты. Этномәдени бірлестіктер тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ассамблеяның биылғы сессиясында алда атқарылар жұмыстар айқындалды. Ендігі кезекте жұмыстарымызды басты ұлттық құндылықтар аясында топтастыруымыз керек. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділеттілік пен жауапкершілік аясында жұмыстар жаңаша серпін алуы керек. Жас ұрпақты тәрбиелеуде нақты жобалар әзірленуі тиіс. Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толады. Осыған орай өңірлік іс-шаралар жоспарын дайындау назарда тұр. Шымкент қаласында этномедиация жұмысы да жақсы жолға қойылған. «Достық үйі» белсенді жұмыс атқаруда. Енді осы жұмыстарды одан әрі қарқынды жалғастыруға тілектеспін, – деді Марат Алмасұлы.
Сессия отырысында Ж.Тәшенов атындағы университеттің проректоры Ғалымжан Битұрсын, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, белсенді волонтер Данара Саранова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Асхат Нұрлыбаев сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, жиында бірқатар белсенді азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетсек, бүгінде қалада 17 этномәдени бірлестік пен ҚХА жанындағы қоғамдық негізде әрекет ететін 7 құрылым жұмыс істейді. 2023 жылы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылым мүшелері тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, туындаған мәселелер бойынша ахуалды реттеу, этномедиацияның әлеуетін пайдалану және жалпыұлттық бірлікті көздейтін 100-ден астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына атсалысты.
«ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ САЛҒЫРТТЫҚТЫ КЕШІРМЕЙДІ»
Среда, 22 Май 2024 05:06Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де 2023 жылғы іс-шаралар жоспары аясында 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп, оған 360 мың жас қамтылған. Қалада мемлекеттік жастар саясатын жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынған. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер де бар. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағыты аясындағы алқа отырысында жастар саясаты мәселелері талқыға түсті.