Прокурордың қабылдауына қалай кiремiз?

Пятница, 13 Февраль 2015 05:38 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4103 раз

Оқырмандардан келіп түсетін сұрақтардың көбі осыған саяды. Сондықтан да бұл сұраққа маман ретінде облыс прокурорының аға көмекшісі Гүлдария Темірбаеваның жауап беруін өтінген едік.

photo-dariaҚазақстан Республикасының Бас прокуроры А. Дауылбаевтың прокуратура органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы арнайы бұйрығы бар.
Осыған сәйкес, прокуратура органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау ережелері бекітілген.Прокуратура органдарының басшылары жеке қабылдауды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасай отырып, қабылдауға алдын ала жазу және оны өткізу үшін жауапты қызметкерлерді анықтап, олардың байланыс телефондары мен қабылдау кестелерін БАҚ-та жариялап отырады.
Прокуратура органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау алдын ала жазу бойынша жүзеге асырылады. Жеке қабылдауға телефон арқылы жазылуға жол берілмейді. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кезекпен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» орденімен марапатталған, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар кезектен тыс қабылданады. Жеке тұлға және заңды тұлғаның өкілі жеке қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын, ал басқа тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) атынан жүгінген кезде - олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті.Облыс прокуроры және орынбасарлары жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізеді. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда жауапты төмен тұрған лауазымды тұлға беруі мүмкін, бұл туралы жеке қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаға баяндалады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.