Жолаушы тасымалдау тәртiбi тексерiлдi

Пятница, 13 Февраль 2015 04:47 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4826 раз

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қоғамдық көліктердің кесте уақытымен жүруі, тәртіпті сақтау бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Әлі де болса, тәртіпке бағынбайтын жүргізушілер мен кондукторлардың бар екеніне куә болдық.

DSC 0370Қалаға №74, 135 бағыт бойынша 200 жаңа автобус әкелінген еді. Сол себепті автобус жүргізушілері және кондукторларға қатысты тәртіп қатаңдатыла бермек. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев аудан, қала әкімдерінің есебінде тұрғындар тарапынан айтылған қоғамдық көліктерге қатысты шағымдар бойынша бақылау күшейтілетінін айтады. Негізінен, жүргізушілер кесте бойынша тұрғындарды сағат 21.00-ден 21.30-ға дейін тасымалдауы тиіс.
Рейдтің басты мақсаты да осы. Автобустардың кешкі уақыттағы белгіленген межеге дейін жүруін талап ету, көліктердің арнайы дайындығы мен жұмысшылардың біркелкі киім үлгісінің болуын тәртіпке келтіру. Бұл жолы рейдке қатысушылар «Авто-Нұр» аялдамасы маңын бақылады. №74, 135 бағыттағы жаңа автобустар осы аялдамадан өтеді. Автобустардың бәрі кесте бойынша, белгіленген мерзімге дейін жүріп жатыр. Бірақ №135, №12 б бағытындағы автобустардың жүргізушілері, кондукторлары біркелкі киім үлгісін кимейтіне көзіміз жетті.
Дегенмен, қыс бойы жүргізілген рейд нәтижесінде жағдай біршама түзелген. «Себепсіз жүрмеген автобустардың келісім-шарттарын бұзуға сотқа талап арыз бердік. Біраз бағытта жағдай түзелгенін айту керек»,- дейді Наурыз Сүгірәлиев.

Последнее изменение Пятница, 13 Февраль 2015 04:50
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.