Шымкент қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

Пятница, 09 Декабрь 2016 11:54 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4672 раз

Шымкент қаласы                                №1                   30.11.2016 жыл, сағат 11.00


Комиссия төрағасы:

Ғ. Ташқараев – №10 сайлау округінің депутаты.

Жүргізуші:
Н. Бекназаров – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, мәслихат хатшысы.

Комиссия мүшелері:
Д. Үсенов – №4 сайлау округінің депутаты.
И. Болдинова – №15 сайлау округінің депутаты.
Х. Ахматханов – №24 сайлау округінің депутаты.

Шақырылғандар:
Жанысбек Өтеген, Ибрахим Әлсерке, Сейтімбет Жарқымбек, Сағынғали Аубакиров,
Д. Амангелдиев – Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары;
М. Тәжібаев – Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары;
Б. Нарбекова – Қаратау ауданы әкімінің орынбасары;
Д. Қабылбекова – ОҚО тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы ономастика бөлімінің басшысы;
Н. Жұманова – Шымкент қалалық «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры, облономком мүшесі;
БАҚ өкілдері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

I. Шымкент қаласының дендрологиялық саябағына атау беру.
II. Шымкент қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы.
 
Н. Бекназаров:
Құрметті депутаттар және көпшілік тыңдауға қатысушылар!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінен Шымкент қаласының дендрологиялық саябағына атау беру, қаладағы 327 көшеге атау беру және қайта атау туралы қала ұсыныс хат келіп түсті.
Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілер мен аталған ұсыныстың негізінде тұрақты комиссияның көпшілік тыңдауы ұйымдастырылып отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінен келіп түскен хат бойынша сөз Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту сектор меңгерушісі Сәкен Әбдіжаппар Сәкенұлына беріледі.

Ә. Сәкен:
– Құрметті депутаттар және көпшілік тыңдауға қатысушылар! Сіздерден тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ұсынылған Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысы Ә.Жақсыбековтың тапсырмасына орай қазіргі көзқарас бойынша көнерген физико-географиялық атауларды тарихи атауларға өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Осы тапсырма бойынша ҚР Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының нормаларына сәйкес күн тәртібіне енгізіліп отырған Шымкент қаласының дендрологиялық саябағын Асанбай
Асқаров және 327 көшелерге атау беру, қайта атау бойынша Шымкент қалалық мәслихаты тарапынан бүгін өткізіліп отырған көпшілік тыңдауға, 2 ұсыныс енгізіліп отырмыз.
1-ұсынысымыз Шымкент қаласының дендрологиялық саябағына Асанбай Асқаров есімін беру.
2-ұсынысымыз қаладағы 327 көше атауын беру, қайта атау.
Көше атауларын аудандар бойынша талдау жасасақ: Абай ауданы – 101, Әл-Фараби ауданы – 58, Еңбекші ауданы – 109, Қаратау ауданы – 66 ұсыныс.
Оның ішінде атауы жоқ – 320, атауы қайталанатын – 7 көше.
1 ұсыныс бойынша:
1. Асанбай Асқарұлы Асқаров – (1922 жыл 15 қыркүйек Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері.
А.А. Асқаров мектептен кейін Фрунзедегі педагогикалық училищені 1939 жылы бітіріп, еңбек жолын мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастайды. 1942-1946 жылдары әскери міндетін өтеді, полк мектебінде, саяси училищеде оқыды. Полковник. Әскерден оралған соң (1946) Мерке аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-1954 жылдары Мәскеу қаласы Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-1958 жылдары Жамбыл облысындағы Красногорск және Мерке аудандары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1958-1959 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы, 1959-1965 жылдары Жамбыл облысының облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1965-1978 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бірінші хатшысы болған және Қазақстан Орталық комитеті Коммунистік партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған. 1978-1985 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Ол Жоғарғы партия мектебін және кандидаттық диссертациясын өте жоғары бағамен қорғаған.
Көп жылдар КОКП және Қазақстан КП-сының Орталық Комитетінің мүшесі, КСРО және Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі, сол облыстардың Атқару комитеттерінің депутаты болып сайланды.
Асанбай Асқарұлының көп жылдардағы Кеңес Үкіметі мен халқына, коммунистік партияға сіңірген еңбектері жоғары бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атағы (1982) берілді. Ол 5 рет Ленин орденімен, көптеген медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1986 жылы Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Колбин басқарған кезде, одан кейін де Асекеңнің басына ауыр күндер туып, төрт жылдан аса уақыт қамауда болды. А.Асқаровқа жағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. А. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.
А. Асқаров – экономика ғылымының кандидаты, Халықаралық Акмеология Ғылымдары академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. А. Асқаров – «Тағдыр» (1991), «Жұмақ пен тозақ жырлары» (1992), «Көзқарас» (1997), «Ұлы Тұранның ұлдары» (1998) және көптеген кітаптардың авторы.

Бердіқожа батыр шамамен 1708 жылы Ташкент, Шыршық маңында дүниеге келіп, 1786 жылы Қарқаралы төңірегінде қаза тапты деген дерек бар. Өйткені, оның моласы Қарқаралы жерінде, Көкшетау мен Дуана таулары арасында, Дағанделі өзенінің бойындағы биік төбенің басында тұр. Оның жоңғар-қазақ шайқасына қатысуы XVIII ғасырдың 20-50-ші жылдары. 1723-1727 жылдары жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның 100 мың адамдық қалың қолы қазақ жеріне қайтадан жойқын шабуылын бастап, даламызды қанға бөктірген «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңінде:
«Тауының Арқар деген аты Құлжа, Жігіттер, атқа түйе тегін олжа. «Хан Абылай аттанды» дегенді естіп, Келіпті Шанышқылыдан Бердіқожа» – деп атақты Мәшһүр Жүсіп жырлағандай, Бердіқожаның қол бастап Ташкенттен Арқаға келуінің себебі осындай. 1726 жылы қазақ хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға (жоңғарларға) қарсы күресті қайта ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Үш жүздің басын қосқан бұл жиында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би аса үлкен қайраткерлік танытты. Сөйтіп, ұйымдаса тізе қосқан үш жүздің әскерлері Бұланты-Білеуті өзендері аралығындағы шайқаста жоңғар жасағына ойсырата соққы береді. Осы жылы Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалады. Әскери күшін біріктірген үш жүздің жасақтары 1728 жылдан бастап басқыншыларға қарсы күресті өршіте түсті. Хан Абылайдың қасында Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайлармен қатар шанышқылы Бердіқожа батыр да қол бастап, зұлым жауды талқандауға өлшеусіз үлес қосты.
Мәшһүр Жүсіп бабамыз «Абылай заманындағы ең атақты, сенімді батырлардың бірі болған» деп сипаттайтын Бердіқожа сол соғыста ойраттардың бірнеше батырын жекпе-жекте жер жастандырғаны, әскерін шабуылға шебер ұйымдастыра білгендігі халықтың жыр-дастандарында айтылады. «Абылайхан Бердіқожа батырсыз кеңес өткізбеген, жорыққа да шықпаған», – деп сыр шертеді дерек көздері. Ұлы жүзде оны Төле биден кейінгі ірі саясаткер, даңқты қолбасшы, шебер дипломат ретінде ұлықтаған. Айбынды қолбасшы, жекпе-жекте жау түсірген жаужүрек Бердіқожа атақты Қабанбай батырмен қанаттаса жүріп Ұлытау өңіріндегі Бұланты, Білеуті және Сарысу бойындағы Итішпес, Алакөл маңындағы Аңырақай шайқасында, Іле басындағы Талқы, Ебі, Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Мамырсу, Шар, Шарға шайқастарында қол бастап,ерен ерліктерімен көзге түскен батыр. Осындай алапат шайқастардың бірінде қолбасшы Қабанбайдың астындағы аты өліп, жаяу қалғанда Бердіқожа астындағы ақбозатын түсіп беріп, қолбасшыны жау қолынан құтқарып қалған деседі. Кейін Қабанбай оған Ақбоз атын қайтарғанда: «Қабеке, бұл ат сізге жарасады, енді мұны сіз мініңіз» деуі Бердіқожаның батырлығымен бірге мәрттігін де көрсетеді. Бұл туралы халық жазушысы Қабдеш Жұмаділдің «Дарабоз» романында әдемі суреттеледі. Жазушы Қабанбайдың осы ат арқылы Дарабоз аты шыққанын да тілге тиек етеді.
Қазіргі зерттеу еңбектерге сүйенсек, Бердіқожа батыр XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы 100-ден астам шайқасқа қол бастап кіріп, жеңіске жеткен. Соның ішінде 1723-1725 жылдары қазақ жерінің Шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерді жаудан босатуда, 1726 жылы Шұбар теңізі маңындағы шайқаста, 1729 жылғы мамыр, маусым айларында Балқаштың оңтүстік жағасынан 120 шақырым жерде болған Аңырақай шайқасында Бердіқожа қолы жауды аяусыз талқандаған. 1735 жылы Жетісу, Шу, Талас, Арыс бойларында болған ұрыстарда, 1739 жылы Қаратау мен Алатау өңірінде, 1740 жылы Ташкентті азат етуде, 1741 жылғы кескілескен ұрыстарда, 1745 жылғы жоңғарлармен ақырғы ұрыстарда Бердіқожа батырдың даңқы асқақтай түседі. Зұлым жаумен 1750-1752 жылдарда болған кескілескен шайқастарда да жан аямай шайқасқаны туралы нақты деректер табылып отыр. 1755-1758 жылдары Цинь империясы жоңғар-ойраттарды жойып жібергеннен кейін қазақ даласында аздап тыныштық орнағанымен іргедегі қырғыздардың шапқыншылығы күшейе түседі. Қырғыздар Садыр батырдың басшылығымен Жетісуды, Шу мен Таласты және тағы басқа аймақтарды басып алады. Абылай хан 4 мың адамдық қол жинап ұрысқа кіріседі. Оның үш қанатқа бөлінген әскерін шанышқылы Бердіқожа, тарақты Байғозы, қаракесек Жарылғап және Жауғаш батыр басқарады. Бірінші қолға басшылық еткен Бердіқожа батыр қаныпезер Садырды аттан түсіріп, қырғыздарды аяусыз қырып-жояды. Онымен қанаттас соғысқан батырлар да ерекше қайрат көрсетіп, қырғыздарды Алатау асырып тастайды.
Қалған ұсыныстар тарихи атаулар.
Тізім бойынша айтатын болсақ Ақарыс, Әлімтау, Балғын, Ақжайлау, Жаңакент, Сырлысай, Жаркөл, Мыңжылқы, Табиғат, Ақдала, Қарақай т.б.
Қаланың Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдіктері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарымен келісіліп, хаттамасы түзілді.
Жоғарыда айтылған ұсыныстарды қолдауларыңызды сұраймын.

Н. Бекназаров:

Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар, ұсыныстарды талқыға салайық. Ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді, сұрақтарыңызды қойыңыздар. Сөйлеймін деушілер бар ма?

Ж. Өтеген:
Абылайхан көшесі қаламызда жоқ неге сол кісіге көше атауын бермеске?


Ә. Сәкен:
Шымкент қаласы қорғасын шағынауданында Абылайхан атындағы көше бар, сол көшенің шешімін бұзып алдағы уақытта қаламыздың үлкен көшелерінің біріне беру бойынша жұмыстар атқаратын боламыз.

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 I. Шымкент қаласының дендрологиялық саябағына Асанбай Асқаровтың есімін беру.
II. Шымкент қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы.

Абай ауданы бойынша
1. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бесқарағай;
2. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Әлімтау;
3. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Мыңжылқы;
4. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Табиғат;
5. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаңакент;
6. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қарақай;
7. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Өркенді;
8. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынарық;
9. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бектау;
10. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тыңдала;
11. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қоскөл;
12. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Талдыбұлақ;
13. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Талапты;
14. Солтүстік -батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бозшакөл;
15. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тарақтас;
16. Солтүстік -батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Айтас;
17. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Атақоныс;
18. Солтүстік-батыс шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Азат қозғалысы;
19. Самал-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақарыс;
20. Самал-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Балғын;
21. Самал-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақжайлау;
22. Самал-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сырлысай;
23. Самал-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаркөл;
24. Самал-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақдала;
25. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Кереку;
26. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынбастау;
27. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Нұртау;
28. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алмалыбақ;
29. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қандөз;
30. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Баулық;
31. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ұлы дала;
32. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бірлесу;
33. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Изенді;
34. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Самалжел;
35. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Мәңгілік ел;
36. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құс жолы;
37. Самал-3 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қазақ Ордасы;
38. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құлантөбе;
39. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жылысай;
40. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынды;
41. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қосарал;
42. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сарыбел;
43. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынасар;
44. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Зайсан;
45. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ұзынағаш;
46. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Таңбалы тас;
47. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жетіжар;
48. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақөзек;
49. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бозтоған;
50. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қайнарлы;
51. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Атақорған;
52. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Аққыстау;
53. Қазығұрт шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шеңбертал;
54. Қызылжар-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бақанас;
55. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Дарабоз;
56. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылқайнар;
57. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жазықсай;
58. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Иінағаш;
59. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Кендірлі;
60. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қаған;
61. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Суяб;
62. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Аспара;
63. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Іле;
64. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Азия;
65. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жезқазған;
66. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Кеңістік;
67. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Майқұдық;
68. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Имантау;
69. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сарышығанақ;
70. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қапланбек;
71. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жидебай;
72. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қайыңды;
73. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жуантөбе;
74. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Таң нұры;
75. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Керней;
76. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сусамыр;
77. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шарын шатқалы;
78. Ынтымақ-2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тайбурыл;
79. Ынтымақ шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Яссы;
80. Ынтымақ шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Атанұры;
81. Ынтымақ шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Талдысай;
82. Ынтымақ шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тасбұлақ;
83. 4– шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Таукент;
84. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бесбұлақ;
85. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алқап;
86. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақмая;
87. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Нұрлыкент;
88. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шартарап;
89. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тереңөзек;
90. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Айтағы;
91. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қосыбұлақ;
92. Қызылжар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ордакент;
93. Қатынкөпір шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Берекелі;
94. Жайлау шағынауданындағы Қажымұқан көшесін Саналы көшесі деп қайта атау;

 

Әл-Фараби ауданы бойынша
95. Наурыз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бабалы;
96. Наурыз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жанкент;
97. Наурыз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көкбұлақ;
98. Наурыз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Байырқұм;
99. Наурыз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақмамық;
100. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Балтамыр;
101. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шағатай;
102. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақжелең;
103. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Керімсал;
104. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тайқоңыр;
105. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Майлыкент;
106. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақжирен;
107. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сәйгүлік;
108. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақсүйек;
109. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Нәуірзек;
110. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Керуен;
111. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаңақала;
112. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақжал;
113. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Баққон;
114. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақбура;
115. Түркістан шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Асықата;
116. Отырар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қашқар;
117. Отырар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сарай Бату;
118. Отырар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жазықсай;
119. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаңакент;
120. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ұлт Кеңесі;
121. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шалқар;
122. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Маяқұм;
123. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қапшағай;
124. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақдала;
125. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Киелісай;
126. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақсемсер;
127. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Марқакөл;
128. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Кереку;
129. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шортанды;
130. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаңабазар;
131. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылтау;
132. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Балтакөл;
133. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қайыңды;
134. Сәуле шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сарықамыс;
135. Бадам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Наурызым;
136. Бадам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Маржансу;
137. Бадам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Жалаулы;
138. Бадам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қызылтас;
139. Бадам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ақжайқын;
140. Бадам тұрғын үй алабындағы атауы жоқ көшесін Қарағанды;
141. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қырыққыз;
142. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қаржантау;
143. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақмылтық;
144. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Үшағаш;
145. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Таусамалы;
146. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Байтөбе;
147. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақ Орда;
148. Забадам шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақмола;
149. Самал – 2 шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Саябақ;

Еңбекші ауданы бойынша
150. Тараз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Кербұлақ;
151. Тараз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Үшөзен;
152. Тараз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақшатау;
153. Тараз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақшоқы;
154. Тараз шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Аманқарағай;
155. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ердәуіт;
156. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Айнатас;
157. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Шоқтас;
158. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Бесқұлан;
159. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Сарыөзен;
160. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ақшығанақ;
161. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Көкорда;
162. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Құмтөкей;
163. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Бозінген;
164. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Бестерек;
165. Айнатас тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Сүмбіле;
166. Жыланбұзған тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қарақыстақ;
167. Жыланбұзған тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Боршау;
168. Жыланбұзған тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Дансары;
169. Жыланбұзған тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Жетіасар;
170. Жыланбұзған тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қылқалам;
171. Жыланбұзған тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Беласар;
172. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ақшеңгел;
173. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қорғанқұм;
174. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Нарынқол;
175. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Жалпақтал;
176. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Сазқұндыз;
177. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Алай;
178. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қызылата;
179. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Тастақсай;
180. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Тәңіртау;
181. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Балқан;
182. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қарсақпай;
183. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Қараөткел;
184. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Кеңгір;
185. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ақыртас;
186. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Елек;
187. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ойық;
188. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Шатыртас;
189. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Тақиятөбе;
190. Базарқақпа тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Мойынқұм;
191. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылбайыр;
192. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылжал;
193. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылкөпір;
194. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бұғымүйіз;
195. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тартоғай;
196. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тасбастау;
197. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылтал;
198. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бесмойнақ;
199. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жетібай;
200. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жезқазған;
201. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көкжелек;
202. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қоңырсу;
203. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Лабас;
204. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құтмекен;
205. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Күлтөбе;
206. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаңадария;
207. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаманты;
208. Оңтүстік шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бозбұтақ;
209. Қарабастау тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ақсүйрік;
210. Қарабастау тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Тарбағатай;
211. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынайдар;
212. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынсу;
213. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Өтегенбұлақ;
214. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шоқтал;
215. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бақанас;
216. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бейнеткеш;
217. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Теріскей;
218. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ескіөзен;
219. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ғартөбе;
220. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаужұмыр;
221. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жаушықұм;
222. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алтынтау;
223. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бике Қоңыр;
224. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Желдіқара;
225. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Барсығанкөл;
226. Мирас шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жетітөбе;
227. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Күнгей;
228. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Киікоты;
229. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көкөзек;
230. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көккөл;
231. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көкмарал;
232. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Кеңір;
233. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылшоқы;
234. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылшілік;
235. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қызылкенші;
236. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қышбөгет;
237. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қосбөгет;
238. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қосшоқы;
239. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қосүйеңкі;
240. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жалғызжиде;
241. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қошқорған;
242. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қозыбасы;
243. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Мейрамтөбе;
244. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Мерген;
245. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Пістелі;
246. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Семей;
247. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сүттіқұдық;
248. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жетіотау;
249. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақкебек;
250. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тәңірқұт;
251. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тобылғысай;
252. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Марқакөл;
253. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ошағанды;
254. Ұлағат шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бүркіт;
255. Еңбекші ауданындағы шартты атауы 1 автожол көшесін Бердіқожа батыр көшесі;

 

Қаратау ауданы бойынша
256. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Мыңарал;
257. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ғасыр;
258. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Аруана;
259. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Айбын;
260. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Айбалта;
261. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Жылыбұлақ;
262. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Құркелес;
263. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Алтыншоқы;
264. Тассай тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Босаға;
265. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бөржар;
266. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Томирис;
267. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бүркітші;
268. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Аңырақай;
269. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Арша;
270. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Бүлдірген;
271. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жүзасу;
272. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Еңбекшілер;
273. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құрақты;
274. Бозарық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құмдыкөл;
275. Шапырашты тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Ақжусан;
276. Достық тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Мұзбел;
277. Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Шапағат;
278. Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Құнарлы;
279. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сейхун;
280. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Гүлзар;
281. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Нұрлыкөш;
282. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Екпінді;
283. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ел-Аманаты;
284. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ащыкөл;
285. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құланшы;
286. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көркемай;
287. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Төлтай;
288. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Ақпан;
289. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Тассуат;
290. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Алқакөл;
291. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жезқанат;
292. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Нұрата;
293. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Айдаркөл;
294. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құлпысары;
295. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Баққой;
296. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Балықты;
297. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Көлтоған;
298. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қойтас;
299. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Торғауыт;
300. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Құттыбілік;
301. Асар шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Рабат;
302. Өтеміс тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Сұлукөл;
303. Өтеміс тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Арқалы;
304. Өтеміс тұрғын алабындағы атауы жоқ көшесін Күмісбастау;
305. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қарасай;
306. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Сарбаз;
307. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Торғын;
308. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қостанай;
309. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Қоңыраулы;
310. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Астық;
311. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Шұбарсу;
312. Ақжайық шағынауданындағы атауы жоқ көшесін Жоламан көшесі деп атау берілсін.

 

Шымкент қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша тиісті аумақ халқының пікірі ЕСКЕРІЛСІН.
ІІ. Көпшілік тыңдауы бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Шымкент қаласы әкімдігіне Заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
ІІІ. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика және әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ташқараев Ғани Әбдуғаниұлына жүктелсін.


Н. Бекназаров
Ғ. Ташқараев
Д. Үсенов
Б. Сейтжанов
Х. Ахматханов
И. Болдинова

Последнее изменение Пятница, 09 Декабрь 2016 12:15
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.