Сайлауға қатысу - әрбір қазақстандықтың міндеті

Пятница, 20 Март 2015 06:25 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5378 раз

Шымкент қаласының мұғалімдер қауымы 26 сәуірде өтетін кезектен тыс Президент сайлауына бір кісідей қатысуға шақырған Үндеу қабылдады.

883a1313Білім саласының кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен бұл жиынға мектеп директорлары мен білім ордаларының кәсіподақ басшылары қатысты.
Қалалық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғани Сүлейменов сайлауға қатысу әрбір қазақстандықтың міндеті екенін жеткізді.
«Мемлекет тәуелсіздігі дейтін асыл қазынаны сақтауда барша қазақстандықтардың берік ынтымақ танытып, ауызбіршілікте болуы аса маңызды. Ендеше, сындарлы шақта жұдырықтай жұмылып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық» деп барша мұғалімдер Үндеуді қолдады.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев білім саласындағы жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында кәсіподақ пен білім бөлімі арасында әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісім жасалды. Онда
кәсіподақ ұйымы тарапынан мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мәселелері көтерілген.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.